11 Тамыз, 2013

GJ 504 жұлдызы маңынан орасан зор планета табылды

452 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Планета вокруг звезды

АҚШ-тың астрономдар командасы Гавайядағы Subaru телескопының көмегімен GJ 504 жарық жұлдызының маңайында тұрған орасан зор планетаны суретке түсіріп алды. Бұл туралы Planeta-Novosti.AT.UA хабарлады.

Жаңа табылған планетаның көлемі ауқымы сәл аздау көрінгенімен, Юпитер шамалас сияқты. Ол Күн сияқты жұлдызды аспанның айналасында айналады. Ал GJ 504 тұрған жұлдызды аспанның аумағы Юпитердің Күн ауқымында айналатын көлемінен 9 есе үлкен. Мұның өзі орасан зор планеталардың пайда болуы туралы бұрынғы теорияларды іс жүзінде жоққа шығарады.

«Егер біз бұл планетаға дейін жете алатын болсақ, әлемнің қалай жаратылғанын білудің тағы бір мүмкіндігіне қол жеткізер едік», дейді Майкл McElwain.

«Бұл біздің планеталар жөніндегі әдеттегі түсіндіруіміздің шеңберіне ене қоймайтын ең қиынжарының бірі болып табылады», деді осы команданың тағы бір мүшесі Маркус Янсон.

«Егер біз бұл планетаны аша алсақ, альтернативаны оқу теориясын қайтадан дұрыстап қарап шығуымызға тура келеді. Бәлкім, тіпті ядро аккрециясы теориясының кейбір негізгі болжамдарын қайта қарайтын шығармыз», деді ол тағы.

Серік Құлымбай.

 

Қосымша.

 

Жаңадан ашылған экзопланета жаңа ғаламның қалыптасуы туралы бұрыннан келе жатқан теорияны жоққа шығары мүмкін

 

Жаңа ғалам Күн жүйесіндегі ең ірі планета – Юпитерден шамамен 4 еседей үлкен, GJ 504b жұлдызының көлеміндей екен.

 

Қазіргі таңда бұл нысан біздің Күнге ұқсас жұлдыздың айналасында айналатын ауқымы ең төменгі планета делінуде.

Новая звезда-1

1-сурет. Диаграмма көлемі жағынан бесінші GJ 504 жұлдызын, сондай-ақ жұлдыз ретінде танымал 59 Бикешті көрсетіп тұр. Оны көзбен былайша да көруге болады.

 

Халықаралық астрономдар командасы Гавайя аралдарында орналасқан Subaru телескопының инфрақызыл шынылары көмегімен Бикеш шоқжұлдызындағы GJ 504 жарық жұлдызын айналушы алып экзопланетаны көру мүмкіндігіне қол жеткізді.

 

Зерттеушілер GJ 504 жұлдызының әсер беретін қызуы 237°C деп есептейді. Біздің планетамыздан шамамен 57 жарық жылына тең қашықтыққа орналасқан бұл жүйенің жасын ғалымдар 160 млн. жылға санап отыр.

 

Астрономдарға тіке визуал тәсілімен (яғни планетаны телескоппен көру арқылы) GJ 504b жарық жұлдызын суретке түсіріп алудың реті келіпті. Бұл әдіс планеталар туралы мәліметтер алудың қазіргі таңдағы ең маңыздысы болумен бірге, ең күрделісі де болып саналады.

 

«Визуалдандыру планетаның жарықтылығы, температурасы, атмосферасы мен орбитасы туралы ақпарлар береді, - дейді зерттеушілер тобының жетекшісі, Токио технология университетінің өкілі Масаюки Кузухара. – Бірақ көп жағдайда экзопланеталар өзіне жарық беруші шыраққа жақын тұрғандықтан, жарықтылығы тым нашар болады да, оларды жердегі телескопқа іліктіру жарық сәулені прожектордың жанында түсіргенмен бірдей болып шығады».

 

Соған қарамастан, Subaruтелескопы астрономдарға ең «әлсіз» экзопланеталардың өздерін белгілеп алып отыруға мүмкіндік беріп отыр.

Новая звезда-2

2-сурет. Жақында табылғанGJ 504b экзопланетасы көлемі жағынан Юпитерден 4 есе үлкен. Ол бір кездері Күн секілді жұлдызды айналған ең жеңіл планета болып табылады.

 

Бұл жаңалық Subaru телескопының көмегімен экзопланеталар мен дискілерді стратегиялық зерттеу жобасының бір бөлігі болып саналады. Осы жобаның шеңберінде астрономдар Күн жүйесінен тысқарыорналасқан планеталардың да бейнелерін түсіріп алуға үміт артуда. Ғалымдарды сондай-ақ жақын аралықтағы бірнеше жүз жұлдыздың қоршауындағ ы протопланеталық дискілер де қызықтырады. Бес жылға жоспарланған бұл жұмыстар 2009 жылы басталған. Оған Жапония Ұлттық астрономия обсерваториясының мүшесі Мотохидэ Тамура жетекшілік етеді.

 

«Егер біз бұл планетаға ұшып бара алатындай болсақ, біздің көз алдымызда ыстықтан жарқырап жанып тұрға,н қызыл шие түстес бояуға малынған әлем шыға келер еді», - дейді Годдарда ғарыштық ұшу орталығының мүшесі Майкл МакЭлвайн.

 

Айта кететін жайт, GJ 504b өз жұлдызының жанында, шамамен Күн мен Юпитердің арасындағы қашықтықтан 9 есеге жуық жақын жерде айналады екен. Бұл алып планеталардың қалыптасуы жөніндегі идеяның өзін қайта қарауға мәжбүр етеді.

 

Мейлінше көбірек тарап отырған аккрециялық модель деп аталатын версияға сай, Юпитер де Жер секілді, тығыз қабатты газдар мен жас жұлдызды қоршаған дискінің ғарыштық күл-қоқысынан құралған. Әдетте ядро астероидтар мен кометалар соқтығысынан пайда болады. Ядро өзіне керекті массаны құрап алғаннан кейін, оның тартылыс күші дискіден газды тартып алып, планетаны жасап шығарады.

Новая звезда-3

3-сурет. Subaru телескопымен инфрақызыл диапазонда алынған мәліметтер. Өңделгеннен және жыпырлаған жұлдыздарды алып тастағаннан кейін ол GJ 504b планетасының өрісін, яғни орбитасын көрсетті.

 

Мұндай модель Нептун орбитасы тәрізді экзопланеталарға тән болып келеді (Демек, жұлдыздардан қашықтығы 30 астрономиялық бірлікке тең). Бірақ өз жұлдыздарынан бұдан қашық аралықта орналасқан әлем үшін мұндай модель қолданыла бермейді. Салыстыру үшін айтайық, GJ 504b өзінің жұлдызынан шамамен 43,5 астрономиялық бірлікте тұр.

 

«Бұл планетаның қалыптасуын дәстүрлі гипотеза тұрғысынан алып қарағанда түсіндіру қиынға түседі, - дейді команда мүшесі Принстон университетінің докторы Маркус Янсон. – Енді біз планеталардың қалыптасуы жөніндегі теорияның альтернативасын немесе аккрециялық модель тұжырымдамасын барынша байсалдылықпен қайта қарауымыз керек».

 

«Вести.Ру» материалдары бойынша дайындалды.