«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Электрондық сауда алаңдарында бизнесті жүргізудің практикалық әдісіне 200 қатысушы оқытылды. Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерге интернет-платформаларда ілгерілету бойынша тікелей қолдау көрсетілді. Мәселен, Alibaba халықаралық платформасына «Алтын жеткізуші» ретінде тіркеу үшін 50 компания іріктелді. Бұл премиалды мәртебесі жаһандық аудиторияға қолжетімділікті, маркетинг ішінде кешенді ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жылдың аяғына дейін біз тағы 50 компанияға осындай жәрдем көрсетуді жоспарлап отырмыз«, - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, Alibaba халықаралық платформасына алғашқы іріктеуге іліккен қазақстандық 50 бизнестің 22-сі тіркеліп үлгерген. Олар биылғы жылы қазақстандық өнімді жалпы 28 млн доллар сомаға сатуды, қосымша 83 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.
«Жалпы, 2019 жылы электрондық сауда арқылы қазақстандық тауарлардың экспорты қарқынды өсіп, 5 млн долларды құрады. Бұл жетістіктерді әрі қарай арттыру үшін экспорттаушылардың шығындарын өтеу ережесінің 2-пакеті аясында электрондық сауда алаңдарында тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалған шығындардың 60 пайызға дейін төлем түрінде қолдау ұсынылды», - деді ол.