12 Тамыз, 2013

Антология арқауы – түркілік тәрбие

365 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Без имени-1Бүгінгідей әлемдік жаһандану дәуірінде әрбір жұрттың өзіне тән рухани-мәдени құндылықтары мен ғасырлар бойы жинақ­­­талған салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазынасын жоғалтып алмау, өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын тарихи келбет-мазмұнын қайта жаңғыртып, байыта отырып алға апару мұраты қаншалықты маңызды болса, дүниежүзілік кеңістіктегі туыс­тас халықтар арасындағы тарихи сабақтастық пен ортақ мұраларды зерттеп-зерделеп, жинақтап, одан ары дамыту ісінің бағасы да соншалықты қымбат.

 

Бүгінгідей әлемдік жаһандану дәуірінде әрбір жұрттың өзіне тән рухани-мәдени құндылықтары мен ғасырлар бойы жинақ­­­талған салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазынасын жоғалтып алмау, өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын тарихи келбет-мазмұнын қайта жаңғыртып, байыта отырып алға апару мұраты қаншалықты маңызды болса, дүниежүзілік кеңістіктегі туыс­тас халықтар арасындағы тарихи сабақтастық пен ортақ мұраларды зерттеп-зерделеп, жинақтап, одан ары дамыту ісінің бағасы да соншалықты қымбат.

Без имени-1

Бүгінгі күннің дәл осындай аса қажет мүдделеріне орай Елбасымыз Н.Ә.На­зар­баевтың тікелей қолдауымен өмірге келген Түркі академиясының ғалымдары атқарып отырған кең ауқымды жұмыстарды осынау мәртебелі істің нәтижелі болуына қосылатын аса маңызды әрі елеулі үлес деп есептеуге болады. Соның бір айғағы ретінде жақында ғана баспадан шыққан, әлі сиясы кеуіп үлгірмеген екі еңбекті айтуға болар еді.

Оның бірі – «Түркілік тәрбие» антоло­гиясы. Көлемі 1000 беттен асатын бұл кітапта бүкіл түркі жұртына тән рухани-мәдени құндылықтар туралы ғылыми-танымдық маңызы терең мол мағлұмат беріліп отыр. Кітап 6 тілде, дәлірек айтқанда, қазақ, қырғыз, түрік, әзербайжан, өзбек, татар тілдерінде материалдар ұсынған. Демек, бұл антологиядан түркітілдес халықтардың әрқайсысында бар мұралар туралы деректер мен мәліметтерді сол халықтың өз тілінде, өз мәйегін бұзбай оқи аласыз деген сөз.

Әдетте, әрбір халықтың тыныс-тірші­лігіндегі, күнделікті қарым-қатынастарындағы игі де ізгі сипаттар туралы көп білетін тәріз­діміз, олар туралы үнемі айтып та жүреміз. Әсіресе, қазақтың қонақжайлығы, үлкенге деген құрметі сияқты қасиеттерді өзінен өзі болуға тиіс үйреншікті іс деп қабылдаймыз.

Міне, осы қасиеттер бүгінге дейін халық­тық педагогиканың, ұлттық тәлім-тәрбиенің бір саласы ретінде сөз болғанымен, оларды жинақтай қарастыру, әрқайсысының түп тамырына, ерекшеліктері мен тағылымдық мазмұнына үңілу, оларды өзге халықтар тұрмысындағы көріністерімен салыстыра, сабақтастыра зерттеу мәселесі ұмыт қалып келе жатқан дүние еді. Қолымыздағы кітапта, атының өзі айғақтап тұрғандай, түркілік тәрбие мәселесі ғасырлар бойы қалыптасып, орныққан тұтас құбылыс ретінде, жалпы түркітілдес халықтарға ортақ қазына ретінде тұңғыш рет зерделеніп, оқырман назарына ұсынылып отыр.

Кітаптың «Түркі халықтарының рухани мұраларындағы тәрбие түрлері», «Түркі халықтарының тағылымдық танымдары», Түркі халықтарының ұлы тұлғалары мен ойшылдарының тәлімдік ойлары», «Жа­һандану дәуіріндегі түркілік тәрбиенің маңы­зы мен мақсаты» атты тарауларында қамтылған ғылыми, танымдық, әдеби, фольк­лорлық мәтіндер мен талдаулар бүгінгі түркі жұртының жастарын ата-баба тағылымдары рухында тәрбиелеуде аса зор рөл атқармақ.

Кітапта түркілік тәрбие берудің тарихи, философиялық, мәдени, саяси және идео­логиялық, әлеуметтанушылық алғы­шарт­та­рын қамтыған тұтас тұжырымдамасы бе­ріл­ген. Ондағы мақсат – жастарға түркілік тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді күшей­ту, тәрбие міндеттерін шешуде тәрбиелік үде­ріс­терге қатысты іс-шараларды үйлестіріп отыру.

Түркі жұртының мәдени мұраларындағы ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамгершілік қарым-қатынас, имандылық, азаматтық парыз, еңбексүйгіштік, Отанға және туған жерге деген махаббат, ел бірлігін сақтау, қыз балаға тән инабаттылықпен әдептілік, зерделі ақыл-ой мен сұлу сымбат болуы тәрізді тәлім-тәрбиелік ұстанымдар түркілік тәрбиенің ең басты негіздері болып табылады. Жас ұрпақты, міне, осындай өнеге қазыналары арқылы адами құндылықтарға баулу мәселесі түркі жұртының тарихындағы ғасырлар бойы жалғасып, байып, нығайып келе жатқан ұлы мұраттардың қатарында саналады. Түркілер әрбір ұлттың өзін өзі ұлт ретінд