Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып шәкірттеріне www.itest.kz ұлттық онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.
Білім беру гранттарынан бөлек байқау барысында үздік қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен бас серіктес – Алматы менеджмент университеті (AlmaU), серіктес – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті (МУИТ) және компаниясының демеушілігімен өтіп жатыр.
Қатысу тегін.
Толығырақ www.itest.kz сайтынан білуге болады.