Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Қараусыз малға ұры қас

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәлі­метінше, былтыр өңірде 129 мал ұрлығы тіркелген. Мал ұрлығы облыс орталығы, Екібастұз қалаларына қарасты ауылдық аумақтарда, Ақтоғай, Ертіс, Май, Шарбақты және Павлодар аудандарында көбейген.

Қараусыз малға ұры қас

Былтыр өңірде жедел із­дес­тіру барысында полицей­лер мал ұрлығымен айна­лысып жүрген 52 барымта­шы­ны қолға түсірген. Барым­та­шылар 11 рет ұрлыққа шық­­қан. Жалпы саны 116 ірі қа­ра­ны ұрлаған 9 қылмыстық топты қолға түсірді. Құ­ны 30 мил­лион тең­гені құрай­­тын 82 бас жыл­қы да бар. По­лицейлер өткен жылы мал ие­леріне жалпы құны 75 мил­лион теңгеге тең 251 бас малын қайтарып берген.

Ал барымташылар бол­са, малды жайылымда жүр­­ген жерлерінен алып ке­тіп отырған. Ұрланған малды туыс­тарына, ауыл тұрғын­дары­­на арзан бағамен сатады. Бірақ биылдан бас­тап барымташылар мен мал иелеріне жаза күшейді. Барымташылар жаңа заң бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бос­тан­дық­тарынан айырылуы мүмкін.

Енді малын қараусыз жі­бер­ген ауылдықтар 3 ай­лық есептік көрсеткіш кө­ле­мінде айыппұл төлеуге мін­­дет­те­ле­ді. Бұл қаражат төртінші дең­гейлі бюджет аясында ауыл бюджетіне түседі. Сондық­тан полиция қызметкерлері ауыл тұр­ғындарынан малдың жоғалғанын дер кезінде хабарлауды сұрайды.

Өткен жылдың соңында Ақтоғай ауданында 25 ірі қара ұрланды. Мал иесі құ­қық қорғау орындарына уақы­тында хабар бергеннің нәти­жесінде, полиция қыз­мет­керлері жо­ғал­ған малды Ақмола облысы аумағынан тауып алған.

Екіншіден, үлкен жолдарда, теміржол бойында бос жүр­ген малдың қатысуымен был­тыр 89 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Кейбір ауыл тұр­ғын­дарының малы есепке алынбаған соң, көлікке соғыл­ған мал иесін анықтау қиын.

– Сондықтан, – дейді поли­ция мамандары, – бұл жай­ларға мал ұрлығы­ның орын алуына дұрыс анық­тама бермеген жергілікті әкім­дік, ветеринария саласы маман­дарының да жауапкершілігі қажет.

Яғни, ветеринария мамандары, учаскелік инспектор, ауыл әкімдері бірлесіп, әрбір үйді аралап, малды есепке қоюы қажет. Қазір мал қорада тұрған кезде бұл жұмыстарды жасап алған жөн.

 

Павлодар облысы