14 Тамыз, 2013

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

326 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

нац банкМЖЗҚ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құ­руды МЖЗҚ-ның тех­никалық жаб­дық­талуын, тәжі­ри­бесін және мамандарының кәсібилігін ескерсек, әбден жүзеге асыруға болады.

Қордың орталық офисіне барған депутаттар тобының құрамында болған Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова осындай пікірде.

 

ҚОР ҮШ-ТӨРТ ЕСЕЛЕП ӨСУГЕ ДАЙЫНДАЛУДА

МЖЗҚ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құ­руды МЖЗҚ-ның тех­никалық жаб­дық­талуын, тәжі­ри­бесін және мамандарының кәсібилігін ескерсек, әбден жүзеге асыруға болады.

Қордың орталық офисіне барған депутаттар тобының құрамында болған Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова осындай пікірде.

Тұжырымдарын дәлелдей келе, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МЖЗҚ-ның отандық жинақтау жүйесіндегі ең үлкен практикалық тәжірибесін атап өтті. Қор іс жүзінде еліміздегі зейнетақы реформасының бастау алатын алаңы болып табылады: ол Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) тарихында бірінші болып зейнетақы жарнасын қабылдады және жинақтаушы зейнетақы қорының (ЖЗҚ) ішінде бірінші болып зейнетақы активтерін өз бетінше басқару құқығын алды. Депутаттың тағы бір уәжі – қазіргі жүйе жағдайында қор позициясының жоғары болуы: МЖЗҚ өзінің жұмыс істеген барлық тарихында зейнетақы шоттарының саны жағынан да, жинақталған жинақ ақша көлемі жағынан да көшбасшылардың үштігіне кіріп отыр. Мәселен, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 1 999 989 болды немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл ЖЗШ-ның 23,6%-ын құрады, ал Қордағы зейнетақы жинақ ақшасы 624 638 336 мың теңгені немесе жүйе бойынша бүкіл жинақ ақшаның 19,6%-ын құрады.

Нарықта жеке қорлар пайда болып, салымшыларды комиссияларымен, сыйлықтарымен өздеріне тартып жатқан кезде халық МЖЗҚ-дан жаппай кете қоймады. Салымшылардың көпшілігі өздерінің қорға деген адалдықтарын (инвестициялық саясатының өте консервативті және инвестициялық кірісінің қалыпты болғанына қарамастан) «Сенімділік» деген бір ғана сөзбен түсіндірді.

Бір ғана айдың немесе тоқсанның қоры­тындылары бойынша көпшілікке онша түсінікті емес коэффициенттерді, атап айтқанда К2 салыстырған кезде ашықтан ашық жарысу жинақ ақшаның ұзақ мерзімділігінің негізгі қағидатын, демек қордың ұзақ мерзімді перспективада тұрақтылығын сақтау қағидатын да көлеңкесінде қалдырды. Бұл ретте жинақтау жүйесін құрған кезде ЖЗҚ-ның жоғары кірістері туралы іс жүзінде әңгіменің болмағандығын ешкім есіне түсіре де қойған жоқ. Ол кезде инвестициялық кірістің оңтайлы деген көрсеткіші 3% деп айтылды. Сөз жоқ, ЖЗҚ үшін стратегиялық міндет қалыптастырылды: ол сенімділік, орнықтылық, салымшының бүкіл еңбекке жарамды жасы кезіндегі нақты еңбегіне берілетін болашақтағы зейнетақы мөлшерінің барабарлығы. Бірақ биржа ойынына әуестеніп кеткен кезде орнықтылықтың орнын кірістілік басып кетеді.

Жинақтаушы қордың кез келген салымшысы сияқты мен де ЖЗҚ-ның алғашқы жылдары көрсеткен 25-30% кірісін алғым келетінін жасырғым келмейді. Бірақ мамандар мұның да мәнісін түсіндіріп отыр: алғашқы жылдары кірістіліктің мұндай болуы объективті үдерістердің қисынды нәтижесі болды – негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер осы шектерде белгіленді. Бірақ экономикадағы жағдайдың, оның көрсеткіштерінің – оң және теріс болып өзгеруіне қарай, кірістің өсу қарқыны да өзгереді. Бұл өзгерістерді соңғы уақытта байқап та жүрміз.

Жинақтау жүйесінде жинаған білімді, марафондық әлеуметтік деп аталатын мұндай ұзақ мерзімді жобалар мемлекеттің барынша көп кепілдік беруін, қордың орнықты позициясын, нақты әрі объективті кірістілікті, нарықта шектен тыс жүргізілетін алыпсатарлықпен, сондай-ақ халықтың жеке қорлар қамтамасыз ете алмаған жүйеге жаппай қатысуымен байланысты «америкалық тауларсыз» барабар ахуалды талап ететінін назарға алсақ, МЖЗҚ негізінде БЖЗҚ құру қисынды қадам болып табылады. Қорларға өздерін өзі жұмыспен қамтығандарды тартудың тетігін іздегеннен гөрі, бәсекелесінен клиентті «өзіне тартудың» оңайырақ болғаны жайында кінә тағу – әділ тағылған кінә. Мыңдаған шаруалар, базарлардағы сатушылар, жеке к әсіпкерлер жүйеден тыс қалуда.

Сондықтан да жинақтау жүйесін мемлекеттің қарауына қайтару ықтимал дағдарыс туралы таусылмайтын әңгімелердің аясында алдын ала жасалған шара деп те, Үкіметтің, қаржы реттеушісінің, заң шығарушылардың отандық ортаға ауыстырудың қателіктерін нақты талдауға, жүйенің жұмыс істеуінің нақты қағидаттарын, оның ішінде жинақтау жүйесіне елдің жұмысқа қабілетті барлық халқын жүз пайыз тарту қағидатын толықтай қамтамасыз ететін тәуекелі төмен қағидалар мен тетіктер әзірлеуге мүмкіндік беретін тайм-ауты деп те бағалауға болады.

Осы қадамды құптайтындар БЖЗҚ құруды әлемдік экономиканың әлі өте қоймаған «алапат аймағы» жағдайында зейнетақы активтерін сақтауды арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Не дегенмен де, әңгіме халықтың зейнетке деп жинаған 3,39 трлн. теңгеге жуық ақшасы жайында болып отыр. Бұл енді қаржылық көрсеткіш қана емес, әлеуметтік те мәселе. БЖЗҚ құру кезінде зейнетақы жинақ ақшасының сақталуының қарама-қарсы: мемлекетте, қордың иесі ретінде Үкіметте, активтерді басқарушы және кастодиан банк ретінде Ұлттық Банкте – активтер мен инвестициялық кірісті инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде сақтау мәселесі бойынша кепілдігі туындайды. Бұл шара ЖЗҚ-ның 15 жылғы тәжірибесінде байқалған биржа ойынының қаупінен инвестициялық портфель бойынша қатаң реттеу лимиттері болғанның өзінде құтылуға мүмкіндік береді.

– Біз зейнетақы жүйемізді әлемдегі әлеуметтік мәселелерге бағытталған жүйелердің бірі деп айтуымызға негіз жеткілікті, – деп санайды «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ басқармасының төрайымы Долорес Медеушеева, – дәл осы Чилидің үлгісін алу арқылы біздің мемлекетіміз о бастан зейнетақы жинақ ақшасына кепілдік беру жүйесін ойластырды. Қазақстан – зейнетақы жинақ ақшасының сақталуы, жинақтау кезіндегі инфляцияның деңгейінен төмен емес деңгейде инвестициялық кіріс есептеу бойынша және оның зейнеткерлерге толық төленуі бойынша өзіне жауапкершілік алып, кепілдік берген мемлекеттердің бірі. Сондықтан да БЖЗҚ осы кезге дейін МЖЗҚ жүргізген саясатты жалғастыратын болады: тәсіл – сараланған, портфель – қалыпты, ал қор – ұзақ мерзімді перспективада тұрақты түрде орнықты. Қордың зейнетақы активтерін бекітілген инвестициялық декларацияға сәйкес ҚР Ұлттық Банкі басқаратынын естеріңізге сала кетейін. Бұдан басқа БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес (консультативтік-кеңесу органы) те қатысады, оның функцияларының бірі – БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдардың тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кеңестің дербес құрамын Мемлекет басшысы бекітетін болады.

Әрине, қорларды БЖЗҚ-ға біріктіру идеясымен келіскен, халықтың көңіл-күйі қалыпқа келген уақытта прагматикалық, техникалық сипаттағы мәселелер пайда болды. МЖЗҚ-дағы 2 млн. шоттың болашақтың БЖЗҚ-ның 8,5 млн. ЖЗШ емес екендігі түсінікті. Оларды салыстыру, беру, өңдеу үшін соның көлеміне сәйкес бүкіл ел бойынша техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету, сауатты қызметкерлер, қосымша кеңселер және клиенттермен жұмыс істеуге арналған заманауи коммуникация құралдары қажет. Оның үстіне мемлекеттік мәртебеде БЖЗҚ баяғы әлеуметтік қамту орталықтары сияқты болмауы тиіс.

Бұл мәселе қорға барған депутаттарды да толғандырды. Айткүл Самақова атап өткендей, бүгін қор салымшылары ЖЗШ енгізу үшін қолданып отырған техникалық жабдықталуы автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне қойылатын барлық талаптарға сәйкес келеді, олардың ең негізгісі сенімділік пен тиісті қорғаныш дәрежелері болып табылады. Қазіргі уақытта бүкіл зейнетақы жүйесінің салымшылары шоттарының есебін жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі жұмыстың аяқталғанын өз кезегінде қордың мамандары да растап отыр.

– 2010 жылы, БЖЗҚ құру туралы шешім қабылданғанға дейін қор ақпарат жүйесін дамытудың, басқа бағдарламаға өтудің стратегиясын қабылдады және соңғы екі жылда біз бұған дайындалдық, – дейді МЖЗҚ басқарушы директоры Руслан Ерденаев. – Біз БЖЗҚ болғанына не болмағанына қарамастан, жаңа техникалық жарақтандыруға көшкен болар едік. Жаңа жүйе сақталатын ақпарат көлемі бойынша, жылдам қозғалуы бойынша едәуір мықты, неғұрлым қорғалған. МЖЗҚ-ның о бастан өздігінен қор болғанын және іс жүзінде қазіргі 8,5 миллион ЖЗШ кем емес деңгейдегі Қазақстан салым­шыларының бүкіл базасын өңдегенін ескеру қажет. Яғни, біздің қазіргі жүйемізде еліміздің барлық салымшылары дерлік ең болмағанда бір рет МЖЗ