14 Тамыз, 2013

12 жылдық орта білім беру: тауқыметтері мен қайшылықтары

553 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

IMG 6650Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясаты қоғам дамуы­ның диалектика заңдарымен шынайы жарастық тауып, еліміздің үздіксіз білім беру жүйесін қазіргі заман талаптарына сай политілділік және полимәдениеттік негізде қайта құрудың да берік арқауына айналып отыр. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясында сөйлеген сөздері, әсіресе, таяуда өткен XX сессиясында жасаған баяндамасындағы қадау-қадау ғылыми-әдіснамалық ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіріп, тиімді практикалық қадамдар жасауға жол ашады.

IMG 6650

Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясаты қоғам дамуы­ның диалектика заңдарымен шынайы жарастық тауып, еліміздің үздіксіз білім беру жүйесін қазіргі заман талаптарына сай политілділік және полимәдениеттік негізде қайта құрудың да берік арқауына айналып отыр. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясында сөйлеген сөздері, әсіресе, таяуда өткен XX сессиясында жасаған баяндамасындағы қадау-қадау ғылыми-әдіснамалық ой-пікірлері еліміздің мемлекеттік ұлттық саясатын да, білім беру саясатын да кемелдендіре түсіріп, тиімді практикалық қадамдар жасауға жол ашады. Осы орайда Ассамблеяның да, білім беру саласының да миссияларын кеңейтіп, кұрылымдарын түбегейлі жаңғыртуға бағыт-бағдар сілтейтін Нұрсұлтан Әбішұлының мына сөздеріне назар аударайық:

«Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде...

Біз 2020 жылға қарай барлық қазақ­стандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруге тиіс деген міндет қойып отырмыз...

Енді бұл практикалық мәселе.

Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың маңызды қыры – тілдердің үштұғырлығын дамыту... орыс тілін іс жүзінде барлық қазақстандықтар біледі. Бұл біздің жоғалтуға болмайтын ортақ байлығымыз.

Қазақстандықтар үшін инновациялар, технологиялар мен бизнес әлеміне терезе ашатын ағылшын тілінің маңызы мен рөлі артып келеді... дамыған елдерде тұрғындардың абсолютті көпшілігі 2-3 тілде сөйлейді.

...Сондықтан бізге де ағылшын тілін оқыту қажет.

Білім және ғылым министрлігіне осындай халықаралық тәжірибені ендіру мәселесін тапсырамын»... (Егемен Қазақ­стан, 27 сәуір, 2012 ж.).

Президенттің жоғарыда келтірілген мағынасы терең ой-қорытындылары мен тапсырмалары, отандық білім кеңістігінде бетбұрысты кезең болып табылатын 12 жылдық оқытудың жаңа мазмұнына қайшы келмейтін құрылымдық формасын таңдап, әлемдік озық тәжірибелер мен зерттеу нәтижелерінен туындайтын оңтайлы ұсыныстар мен қорытындылар негізінде болашақта «әттеген-ай» дегізбей­­тін практикалық қадамдар жасауға міндеттейді.

Орта білім берудің тарихи дамуына көз салсақ, оның кеңірек өркен жайған кезеңі ХХ ғасыр болып табылады. ХХ ғасырдың екінші жартысына қарай алдыңғы қатарлы дамыған елдер 7 жастан бастап оқытатын жалпыға міндетті 10 жылдық орта білім беруді қамтамасыз етіп, қоғамның жаңа саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік сұраныстарына сәйкес келетін 5-6 жастан оқытатын үш сатылы орта мектептің тиімді үлгісін іздей бастады. Осылайша, жаңа үлгіге арқау боларлық үш сатылы 10 жылдық орта білім берудің ең озық тарихи тәжірибесі қай елде жүзеге асты, сондай-ақ, болашақ 12 жылдық орта мектеп өз қызметін толымды атқару үшін оның әр сатысындағы оқу ұзақтығы қанша жыл болу керек, деген сұрақтар өте терең ғылыми-теориялық негіздеуді талап етті.

Аталмыш сұрақтарға жауап іздеу барысында Америка Құрама Штаттарының арнайы комиссиясы «Ұлт қатер үстінде» деген баяндамада Кеңестер Одағын ғылым мен техникада XX ғасырдың орта тұстарында алға шығарған қуатты құрылым – оның әлемдегі ең озық 7 жастан оқытатын үш сатылы 10 жылдық 4+3+3=10 үлгісіндегі орта мектебі деген қорытындыға келді. Әлемнің басқа да дамыған елдері 10 жылдық мектептің осы үлгісін ең озық құрылым ретінде мойындады.

Әлемнің озық елдері қоғам дамуының өскелең сұраныстарына жауап беретін 12-13 жылдық орта мектептің жаңа үлгісін таңдағанда кеңестік 10 жылдық мектептің ортаңғы 3 жылдық сатысын да, соңғы 3 жылдық сатысын да ең тиімді әрі ең оң­тайлы құрылым ретінде өзгеріссіз қабылдады да, 5-6 жасар бала ларды оқу үдерісіне тартатын бастауыш мектепті жетілдіріп, оған 1-2 жылды қосып берді. Сөйтіп, әлемнің дамыған елдері қоғамның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алатын толымды жүйе ретінде 12-13 жылдық мектептің 1-кестеде көрсетілген үш сатылы құрылымын таңдап алды:

1-кесте

Елдер

Оқыту құрылымы мен ұзақтығы

Жапония

 

Корея республикасы

 

АҚШ

 

Канада

 

Дания

 

Қытай

 

Испания

 

Австралия

 

Аргентина

 

Франция

 

Үндістан

 

Италия

 

Норвегия

 

Ұлыбритания

 

Германия

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+3+3=12 жыл,

6 жастан

6+4+2=12 жыл,

6 жастан

6+4+2=12 жыл,

6 жастан

7+3+2=12 жыл,

6 жастан

5+4+3=12 жыл,

6-7 жастан

5+5+2=12 жыл,

7 жастан

5+5+3=13 жыл,

6-7 жастан

7+3+3=13 жыл,

6-7 жастан

6+5+2=13 жыл,

5-6 жастан

4+6+3=13 жыл,

7 жастан

Міне, сондықтан да ЮНЕСКО-ның жыл сайынғы статистикалық жинағының мәліметі бойынша 2-мыңжылдықтың соңғы жылында әлемдегі 216 елдің ішінде балаларды 7 жастан бастап оқытатын орта мектеп 23 елде ғана сақталып қалды, ал 88 ел 6 жастан бастап, 15 ел 5 жастан бастап оқытатын орта мектептер жүйесін құрды.

Білім берудің әлемдік тәжірибелерін сөз еткенде орта мектептің құрылымдық үлгілерін қарастырумен қатар, көп тілдерді оқытуға байланысты ХХ ғасыр­дың екінші жартысында ЮНЕСКО-ның ұйымдастырған кең ауқымды халық­аралық іргелі зерттеулерінен туындайтын қорытындылардың да практикалық шешімдер қабылдау үшін мәнділігі аса зор екенін айтуымыз керек. Салыстырмалы зерттеулер 21 елді қамтып, 20 жыл бойы швециялық белгілі ғалым Терстен Хюсеннің басшылығымен жүргізілді (Разумовский В.Г. Государственный стандарт супердержавы мира к 2000 году. Педагогика,1993, № 3 с.92). Ұзақ жылдар бойы жүргізілген осы зерттеулерде қойылған кейбір көкейкесті сұрақтарға және оларға жауап ретінде алынған ғылыми ұсыныстарға тоқтала кетейік.

Шетел тілдерін қандай әдіспен оқыту ұтымды: ана тіліне сүйенбейтін тура әдіспен оқыту ұтымды ма, немесе ана тіліне сүйене отырып үйрететін жанама әдіспен оқыту ұтымды ма? Қай жастан бастап шетел тілдерін оқыту тиімдірек? – деген сұраққа байланысты ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізудің алдында ғалымдар екі жақ болып, кейбірі тура әдісті жақтап, балаларды мейлінше ерте бастан бірден шет тілдеріне оқытуды жөн деп тапса, қалғандары мұндай көзқарасты қолдамаған еді. Зерттеу жетекшісі Т.Хюсен тура әдісті және мейлінше ертерек оқытуды қолдаушылар жағында болды. Алайда, 20 жыл бойы осы екі әдістің тиімділігін бір-біріне салыстыра жүргізілген зерттеулердің нәтижесі шетел тілдерін ана тілі негізінде оқыту әлдеқайда тиімдірек, сондықтан да оларды мектептегі оқу жылдарының бас­тауында емес, орта тұстарынан бастап оқытқан ұтымды екеніне көз жеткізді. «Тұрғындарының абсолютті көпшілігі 2-3 тілде сөйлейді», – деп Елбасы айтып отырған дамыған елдердің қазіргі әлемдік практикасы да көп тілдерді осы әдіспен оқытудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Әлемдік деңгейде жүргізілген зерттеулер орта білім берудің құрылымдық формасының әр елдің мемлекеттік білім беру саясатының мазмұнына тәуелділігін көрсетеді. Білім берудің мемлекеттік сая­саты жалпы мәденитанымдық тұрғыдан алғанда мынадай саяси ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады (Кузьмин М.Н. Образование в условиях полиэтнической и поликультурной России. Педагогика, 1999, №6, с. 3-12):

- монотілді және мономәдениетті негізде;

- қостілді, бірақ мономәдениетті негізде;

- қостілді және қосмәдениетті негізде;

- көптілді және көпмәдениетті негізде.

XXI ғасырдың қарсаңында әлемнің озық елдерінің басым көпшілігі көпмәде­ниеттілік пен көптілділік саяси ұстанымына жауап беретін 12 жылдық орта білім берудің 6+3+3=12 құрылымдық үлгісін таңдады. Ал Кеңестер О дағы әлем мойындаған өзінің ең үздік 4+3+3=10 орта мектеп үлгісінің орнына, монотілдік саяси ұстанымды жүзеге асыруға лайықталған жеті жастан оқитын балалар үшін 3+5+2=10 үлгісіне, алты жастан оқитын балалар үшін 4+5+2=11 үлгісіне көшті.

Осы арада көп ұлтты Кеңестер Одағының бүкіл әлем мойындаған 4+3+3=10 ең озық орта мектеп үлгісінен айнып, балаларды 7 жастан оқытатын 3+5+2=10 және 6 жастан оқытатын 4+5+2=11 үлгілеріне көшуіне не себеп болды? Бұл соңғы үлгінің 2015 жылдан енгізілгелі отырған қазақстандық 4+6+2=12 мектеп үлгісінен түбегейлі айырмашылығы бар ма деген орынды сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға ғылыми-әдіснамалық теориялар мен заңдылықтарға сүйене отырып, жауап беруге тырысайық.

Өкінішке қарай, мектептің мұндай құрылымдарының негізіне көп ұлттық немесе көп этностық қоғам дамуының объективті заңдарынан туындайтын көп­тілділік ұстанымы алынбай, Ком­му­нис­тік партияның монотілдік ұстанымға не­гізделген субъективті саяси-эклек­тикалық шешімдері мен көзқарастары басшылыққа алынды. Мұндай субъективті саясат, Ресей Білім беру академиясының академигі Б. Лихачевтің зерттеулері көрсеткендей, патшалы Ресейдің «самодержавие, православие, народность» деп аталатын монотіл мен мономәдениетке негізделген білім беру саясатынан айырмашылығы жоқ еді (Реформаторство в российском образовании: прожекты и результаты. Педагогика. 1996, №6. с.18-24).

Міне, осындай монотілділік және мономәдениеттік білім беру саясатын пәрменді түрде жүзеге асыру үшін көп ұлттар мен этностардың ана тілдерінде тәлім-тәрбие беріп, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілдіретін» бастауыш мектепті мейлінше әлсірету қажет болды. Осылайша бүкіл әлем мойындаған 4+3+3=10 жылдық білім беру үлгісінің орнына 7 жастан оқытатын орта білім берудің әлжуаз 3+5+2=10 және 6 жастан оқытатын 4+5+2=11 түріндегі үлгілері XX ғасырдың соңғы ширегінде Кеңестер Одағында өмірге келді.

Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлеке­тіміздің жүргізіп отырған көптілді және көпмәдениетті саясатының ауқымды маз­мұ­нына 12 жылдық орта білім берудің 6 жастан оқытатын 4+6+2=12 түріндегі құрылымдық формасы қайшы келеді. Өйткені, мұндай формадағы құрылым монотілдік саясатты жүзеге асыруға бе­йім­делген 4+5+2=11 формасынан еш­қан­дай айырмашылығы жоқ деуге болады. Со­нымен қатар, көп тілдерді оқытудың тиімді реттілігін анықтаған әлемдік ғылы­ми зерттеулердің қортындылары мен алты жасар балаға 4 жылдық бастауыш мектептің бірінші сыныбынан бастап үш-төрт тілді оқыту туралы қазақстандық талпы­ныстардың арасында елемей кетуге болмайтын тауқыметі мол тағы бір қай­шылықтың бар екенін айтуға тиіспіз. Туын­­даған қайшылықтардан шығудың екі жолы бар.

Біріншісі – елімізде 12 жылдық орта білім беру жүйесі өзіне жүктелген көптілді, көпмәдениетті қызметті тиімді атқаруы үшін «ештен де кеш жақсы» деп, 6+3+3=12 немесе 5+4+3=12 үлгілердің бірін қабылдағанымыз дұрыс. Қай үлгіні негізге алсақ та, әлемдік тәжірибелерге, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, отандық білім беру кеңістігі үшін мына ұстанымдарды басшылыққа алған жөн.

Бірінші ұстаным. Бөгде тілдерді ана тілін еркін меңгерту негізінде оқыту.

Екінші ұстаным. «Үш тілдік тұғыр» стратегиясы тұрғысынан қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне қоса, қазақстандық этностардың тілдерін меңгерту білім беру жүйесінің әр сатысында мынадай тактикалық міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- мектепалды даярлық ұйымда­ры мен бастауыш мектептің алдында тұрған ең бас­ты міндет – қазақ-этностық қостіл­ді­лік­ті еркін меңгертуге ұйтқы боларлық практикалық қадамдар жасай отырып, мемлекеттік тілді аз этностар үшін екінші ана тілі деңгейіне көтеру;

- негізгі мектеп пен толық орта оқу ор­ын­дарының алдында тұрған ең басты мін­­дет – қазақ-орыс сөйлеу қостілділігін қа­­лып­­тастыру және ағылшын сөйлеу тілін мең­­­­­гертуге практикалық алғышарттар жасау;

- жоғары оқу орындарының алдында тұрған ең басты міндет – қазақ, орыс сөйлеу және жазу тілін еркін меңгерту және әр мамандықтың ағылшын тіліне деген сұраныс деңгейіне сай келетін сөйлеу және жазу тілін игерту.

Үшінші ұстаным. Тілдік тұрғыдан мектепалды кезеңнен бастап, ана тілдерін еркін меңгерген дарынды балаларды анықтап, олардың даму қарқынын қолдайтын, екі-үш тілді озық меңгертуге жағдай туғызатын арнайы бағдарламалар бойынша саралап әрі даралап оқыту.

Жоғарыда келтірілген ғылыми деректер мен ұстанымдар аясында Елбасының ҚХА-ның XX сессиясында ерекше атап көрсеткен қадау-қадау тапсырмаларының, атап айтқанда, XXI ғасырда Ассамблея миссиясының тарылмай, кеңейе түсетін­дігі; тәуелсіз Қ азақстанда бірде-бір этнос­­тың өз тілін жоғалтпайтындығы; әр облыс­тың жергілікті ерекшеліктері мен этнодемографиялық құрылымдарын есепке ала отырып, өңірлік ҚХА-ны дамы­­ту­дың тұжырымдамаларын жасауды облыс әкімдеріне тапсыруы; әлеуметтік баста­малардың орталығы ретінде Достық үйле­рін дамытып, жұмысының тиімділігін арт­тыру туралы айтқан сөздерінің практи­калық мәнділігін терең ұғына түсеміз.

Міне, осы орайда Ассамблеяның барлық кұрылымдарымен және көптілдік тәрбиеге қатысы бар барлық азаматтық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс жасайтын, сөйтіп қазақ-этностық костілділіктің негізін қалайтын мемлекеттік институт рөлін 6 немесе 5 жылдық толымды бастауыш мектеп атқара алады. Демографиялық тұрғыдан еліміздегі қазақ халқының үлес салмағы үнемі өсіп отыратындықтан, әсіресе, қазақ тіліндегі бастауыш мектептердің қазақ-этностық қостілділікті дамытудағы рөлі айрықша арта түседі.

Бастауыш мектептің қызмет аясының кеңеюі, оның қазақ-этностық қостілділікті, сайып келгенде, мемлекеттік тілді ерте бастан меңгертудегі айрықша рөлі, осы жолда ҚХА-ның барлық азаматтық құ­ры­лымдарымен ынтымақтаса жұмыс жасауы – міне, осылардың барлығы Ел­­ба­сының Білім және ғылым министрлігіне, облыс әкімдеріне тапсырып та, шегелей айтып та отырған жүзеге асырылуға тиісті «прак­тикалық мәселелер» болып табылады.

Мазмұны тар монотілдік саясатқа бейімделген 4 жылдық бастауыш мектептің орнына, өрісі кең көптілдік саясаттың жүгін көтеретін бес немесе алты жылдық бастауыш мектептің қажеттігі де осындай жайттардан туындайды. Монотілдік және мономәдениеттік саясатқа лайықталған орта білім берудің 4+6+2=12 құрылымдық формасының орнына, 6+3+3=12 немесе 5+4+3=12 үлгілерінің бірін таңдағанымыз, қай жағынан алсақ та, әлдеқайда тиімді деп отырғанымыз да, міне, сондықтан.

Қайшылықтан шығудың екінші жолы. Білім берудің қазіргі әлемдік үрдісінен байқалып отырғандай, алдағы 20-30 жылда орта мектеп жүйесіне 5 жасар балалар да жаппай тартылатын болады. Осы тұрғыдан алғанда Францияның қазіргі 5+4+3=12 үлгісінің болашағы зор. Өйткені, оны балаларға 5 жастан бастап тәлім-тәрбие беретін Англияның қазіргі 13 жылдық орта мектебінің 6+5+2=13 үлгісіне жақындатып, келешекте 5 жасар балаларды да мектептегі тәлім-тәрбие мен оқытуға тартатын қазақстандық 6+4+3=13 үлгі түрінде құруға болады.

Қазіргі ағылшын орта білім беру жүйесінің соңғы 2 жылдық академиялық (бізше бейінді) сатысы толымсыз құрылым сияқты көрінеді. Ал бірақ нақты іс жүзінде Англия орта мектебінде берілетін бейінді білім соңғы 4 жылды қамтиды. Оны ағылшынның орта мектебінде берілетін білімнің оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сұраныстарын қанағат­тандыратын төменде көрсетілген ішкі деңгейлік бөлінулерінен көреміз:

(2+4)+(3+2)+2=13 жыл, немесе (2+4)+3+(2+2)=13 жыл.

Орта білім беруді әрі сатылап, әрі деңгейлеп толымды жүзеге асырудың ағыл­шындық тәжірибесін 4+6+2=12 үлгі­сіне қолданып, оны төменде көрсе­тіл­гендей, алты ішкі деңгейге бөліп, жетілдіре аламыз: (1+3)+(2+3+1)+2=12 жыл, немесе (1+3+2)+3+(1+2)=12.

4+6+2=12 үлгісінде берілетін білім­нің жоғарыда көрсетілген деңгейлік құрылымдарын өзара салыстырғанда 2 жылдық үшінші деңгейдің бастауыш мектепке де, негізгі мектепке де ортақ екендігі, ал 1 жылдық бесінші деңгейдің негізгі мектеп пен бейінді мектепке ортақ екендігі көрініп тұр. Осылайша, 6 жылдық негізгі мектептің есебінен 4 жылдық бас­тауыш мектептің және 2 жылдық бейінді мектептің толымсыздығын жоюға болады.

Балалардың ой-өрісінің дамуына, жас ерекшеліктерінің сұраныстарына сай келетін мұндай ішкі деңгейлеулер білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қояды. Расында да, оқытуды осылайша деңгейлеу білім стандарттары мен бағдарламаларын жасаушыларға, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеушілерге, мұғалімдерді даярлайтын ұйымдарға бағыт-бағдар сілтеп, оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сұраныстарына қарай әрбір деңгейге ғана сай келетін нақты ғылы­ми-әдістемелік жұмыстар атқаруды жүктейді. Қолданыстағы білім стандарттары мен оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендер төңірегінде айтылып жүрген олқылықтардың бас­ты бір объективтік себебі – балалардың жас ерекшеліктері мен әртүрлі даму жыл­дам­дықтарының сұраныстарына жауап беретін осындай ішкі деңгейлерінің нақты айқын­дал­мағандығымен түсіндіріледі.

Қорыта айтар болсақ, 4+6+2=12 үлгі­сінде оқытудың жоғарыда көрсетілген үшінші және бесінші ішкі деңгейлерін, мектептің әртүрлі сатыларымен ортақтас­тырмай, дамыған елдердің ондаған жылдар бойы сыннан өткен үлгілеріне сәй