Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Асқар Мамин «Оңтүстік» АЭА-ны дамытуға қатысты сауалға жауап берді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б. Бекназаров, А. Қапбарова, Н. Бекназаровтың  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын  дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауалына жауап берді. 

Асқар Мамин «Оңтүстік» АЭА-ны дамытуға қатысты сауалға жауап берді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б. Бекназаров, А. Қапбарова, Н. Бекназаровтың 2020 жылғы 27 қаңтардағы №16-13-19 «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – «Оңтүстік» АЭА) дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауалына жауап берді.

Премьер-Министр — Асқар Мамин:

Сіздердің «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі - «Оңтүстік» АЭА) дамыту мәселелеріне қатысты сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. 

Жұмыс істеп тұрған тоқыма кәсіпорындарын қолдау мақсатында қазіргі уақытта АЭА аумағына «AZALA Textile» ЖШС, «Alliance» СӨК компаниялар тобының тоқыма кәсіпорындарын қоса отырып, оның аумағын кеңейту мәселесі пысықталуда. 

АЭА аумағында ерекше салық режимі қолданылады, оған сәйкес осы аймаққа қатысушылар мүлік, жер салығын, корпоративтік табыс салығын, АЭА аумағында сатылатын тауарларға қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тиімді тарифтер және шетелдік жұмыс күшін тартудың оңайлатылған қағидаларын қолдану есебінен артықшылықтар бар деп жауап берді.