Қазақстан • 20 Ақпан, 2020

Асқар Мамин: Жүн саласын дамытуда еңбек өнімділігі артады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асқар Мамин Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғ. Дүйсембаев, Б. Еламанов, С. Еңсегеновтің 2020 жылғы 25 қаңтардағы жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауалына жауап берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Асқар Мамин: Жүн саласын дамытуда еңбек өнімділігі артады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғ. Дүйсембаев, Б. Еламанов, С. Еңсегеновтің 2020 жылғы 25 қаңтардағы жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауалына  жауап берілді.

Премьер-Министр — Асқар Мамин

Сіздердің жүн саласын дамытуға қатысты сауалдарыңызды қарап, келесіні хабарлаймын.

2015-2019 жылдар кезеңінде жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындар санының 845-тен 1071-ға дейін өсуі байқалады, оның негізгі үлесі (60%) тігін кәсіпорындарына, тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша кәсіпорындарға 30% және былғары мен оған жататын өнімдер өндірісіне 10% тиесілі. 5 жыл ішінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы 71,6 млрд. теңгеден 2019 жылы 112,7 млрд. теңгеге дейін өсті. 2019 жылы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,5% өсті. 

Өсім тоқыма бұйымдары өндірісінде 16,1% және киім өндірісінде 8,2% болды. Қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау өнім экспортын ілгерілету, еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру, тауарларды ішкі нарықта жылжыту және т. б. сияқты өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған жүйелі шаралар шеңберінде көрсетіледі.