14 Тамыз, 2013

Агроөнеркәсіп кешенінің келелі міндеттері

264 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Үкімет үйі«Биыл егін ору науқаны қиынға соқпақ. Ауа райы ылғалды. Күн мен жылудың жеткілікті деңгейде болмағанына байланысты астықтың пісіп-жетілуі кешеуілдеуде. Қазіргі уақытта ылғал салдары егін ору науқанына кері әсер етіп жатыр». Кеше Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай деді.

 

«Биыл егін ору науқаны қиынға соқпақ. Ауа райы ылғалды. Күн мен жылудың жеткілікті деңгейде болмағанына байланысты астықтың пісіп-жетілуі кешеуілдеуде. Қазіргі уақытта ылғал салдары егін ору науқанына кері әсер етіп жатыр». Кеше Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай деді.

Алайда министр ауа райы жақсарып, диқандар егін ору науқанын сәтті аяқтайды деп үміттенеді. «Қазір нақты болжам жоқ. Егін ору науқаны оңайға түспейтінін қайталап өткім келеді. Сондықтан, біз қазіргі уақытта ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге ғылыми ұйымдардың кеңесі бойынша өз шаруашылықтарын, кептіргіш құрылғыларын, тазарту құрал-жабдықтарды даярлауға кеңес беріп жатырмыз», дейді министр.

Иә, енді бірер аптадан соң тамылжыған тамыз да таусылғалы тұр. Ендеше, жайдарман жаз бітіп, күрең күздің көлеңкесі көрінді дей беріңіз. Бұл ауыл шаруашылығы саласындағылар үшін нағыз қарбалас, қауырт шақ. Жаз бойы толассыз жауған жаңбырдан қаулай өсіп, берекесін беріп тұрған жердің ырзығын ойдағыдай жиып-теру де оңай шаруа емес, әрине. Оған ұйымдасқан жұмыс, қажырлы еңбек қажет.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында да ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар мәселелер талқыланған еді. Отырыста ортаға түскен деректерге қарап елімізде ауыл шаруашылығы саласының дамуы артып келе жатқанын аңғардық. Тек, жаңбырлы күзден кесір келмесе болғаны.

Үкімет отырысын ашқан Пре­мьер-Министр С.Ахметов ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері Мемлекет бас­шы­сының айрықша назарында тұрғанын айта отырып, ағым­да­ғы жылдың ақпан айында қабылданған 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шарасы ретінде қарастырылғанын атап өтті. Ал саланың жалпы ағымдағы жағдайы, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеуді дамы­ту шаралары туралы Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Асылжан Ма­мытбеков баяндады. Оның айтуынша, тұтастай алғанда, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру өсімі оң өріс алды. Соны­мен, соңғы 12 жылда жалпы өнім көлемі 4 есеге артып, өткен жылы өсім 1,9 трлн. теңгені құра­ды. Өсімдік өнімдерін өндіру осы мерзім ішінде 3 есеге, яғни 325,7 млрд. теңгеден 981,2 млрд. тең­геге дейін, мал өнімдерін өн­діру 5 есеге жуық, яғни 207,9 млрд. теңгеден 1,0 трлн. теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, 2012 жылы мал өнімдерінің үлесі өсім­дік өнімдерінен асып түсіп, 50,6 пайызды құрады.

Министр агроөнеркәсіп ке­шені нысандарын мемлекеттік қолдаудың шаралары мен тетік­терін түсіндіру бойынша жұмыстар туралы мәлімдей отырып, АӨК-пен тектес салаларды дамытудың стратегиялық бағ­дарламалық құжаттарына тү­зетулер енгізу бойынша ұсы­ныс­тар, шеберлік жоспарлары, ауыл шаруашылығы өндірістері бойынша өңірлердің мамандану картасы дайындалғанын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің басымдықты ба­ғыттары анықталғанын, бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық базаның жетілдіріліп жатқанын хабарлады.

Бұл мәселелер бойынша, сон­дай-ақ, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, Оңтүстік Қа­зақстан облысы әкімі А.Мыр­зах­метов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басшысы Д.Айтжанов, «Шы­ғыс сүт» корпорациясының пре­зиденті С.Сайлаубаев, «Қа­зақ­стан фермерлері одағы» қоғам­дық бірлестігінің жетекшісі Ә.Даринов сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет басшысы «бағ­дар­ламаны қабылдай отырып, біз одан жақсы нәтижелер күту­ге тиіспіз», деді. Осыған орай Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бағдарламалардың жаңа тетіктерін іске қосу үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер жобаларын жедел келі­суді ұйымдастыруды, ауыл ша­руа­шылығын секторлар бойынша, әсіресе, өсімдік, мал шаруа­шы­лығы мен ветеринарлық салада дамытудың шеберлік жос­парларын бекітуді, сондай-ақ, тиісті қаржыландыру көздерімен қамтылған кешенді жоспарды бекітуді тапсы