14 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 611

489 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісінің қатерінің туындауы туралы уақтылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 9 тамыз.   № 611.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйым­дастырылуы мен жұмыс істеуінің тәртібін белгілейді.

2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесі – бұл жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен атқару мақсатында қызметі терроризм акті­сінің (актілерінің) қатері салдарынан немесе жасалуынан туындайтын дағдарысты ахуалдар мониторингін және оларға болжам жасауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіптіліктің деңгейін белгілеуге, терроризм актісінің (актілерінің) қатері немесе жасалуы кезінде мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға және халыққа ақпаратты және хабардар ету сигналдарын уақтылы жеткізуді қамта­масыз етуге бағытталған басқару орган­дарының, орталық мемлекеттік және жергі­лікті атқарушы органдар күштері мен құрал­дарының жиынтығы.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пай­даланылады:

1) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингі – рес­публиканың түрлі өңірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалу салдарынан немесе жасалу қаупі салдарынан туындайтын дағдарысты ахуалдар белгілерін анықтау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, бұқаралық ақпарат құралдары мен ашық және жабық сипаттағы басқа да дереккөздерден уәкілетті мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтарына, басқару пункттеріне, кезекші және диспетчерлік қызметтеріне тұрақты негізде келіп түсетін, елде және шетелде болып жатқан оқиғаларға қатысты ақпаратты жүйелі түрде жинау және өңдеу;

2) дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпарат (нақты деректер) – дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы объективті шындыққа (фактілерге) сәйкес келетін деректер.

2. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің құрамы

4. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің құрамына:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіп­сіздік комитеті;

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министр­лігі;

Қазақ­стан Республикасы Қорғаныс минис­трлігі;

Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер министр­лігі;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;

Қазақстан Республик асы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;

Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі;

жергілікті атқарушы органдар;

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі;

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

Қазақстан Республикасы Қаржы м­инис­трлігінің Қаржы мониторингі комитеті;

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі кіреді.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына терроризм актісінің (актілерінің) қатері туындауы немесе жасалуы туралы ақпаратты жеткізу тәртібі

5. Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың ахуалдық орталықтары, басқару пункттері, кезекші және диспетчерлік қызметтері өз құзыретіне сәйкес тұрақты түрде қабылдайды, өңдейді және байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтарына дереу жібереді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.

Қазақстан Республикасының өңірлерінде терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі салдарынан дағдарысты ахуалдар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің аппараттары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жібереді.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ахуалдық орталықтары террористік қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы келіп түскен ақпаратқа мониторингті, ұлттық мүдделерді қозғауы мүмкін халықаралық дағдарыстар мен шиеленістерді болжамдауды тұрақты негізде жүзеге асырады, террористік қатердің өрістеуі (таралуы, республиканың, басқа мемлекеттердің дағдарысты өңірлері, ақпараттық саладағы осал тұстарды табу) туралы тұрақты бағалаулар жүргізеді.

7. Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі (актілері) туралы анық ақпараттың негізінде қоғамдық қауіптіліктің ауқымын және дәрежесін, терроризм актісінің мемлекет аумағына немесе оның жекелеген өңірлеріне тигізетін күтілетін теріс салдарлары мен сипатын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ахуалдық орталықтарының басшылары террористік қауіптілік деңгейі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын дереу хабардар етеді.

4. Қазақстан Республикасының аумағындағы террористік қауіп­тілік деңгейін анықтау және тер­­ро­ризм актісі қатерінің туын­­­дауы туралы халықты хабардар ету тәртібі

8. Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында немесе өңірлері мен елді мекендерінің аумақтарында террористік қауіптіліктің мынадай деңгейлері:

бірқалыпты («сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде;

жоғары («қызғылт сары») – терроризм актісі (актілері) жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде;

шекті («қызыл») – жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

9. Егер қабылданған шаралардың нәтижесінде террористік қауіптіліктің қатері жойылса, онда террористік қауіптілік деңгейі алып тастауға жатады.

10. Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлерінің және елді мекендерінің аумағында террористік қауіптіліктің бірқалыпты («сары») және жоғары («қыз­ғылт сары») деңгейлерін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының бастығы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімімен келісе отырып дереу қабыл­дайды, қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Ұлтты