14 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бұйрығы (Монополияға қарсы агенттік) №139-НҚ

302 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

 

2013 жылғы 28 мамырАстана қаласы

Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға Б.ҚУАНДЫҚОВ.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

(Монополияға қарсы агенттік) төрағасының

2013 жылғы 28 мамырдағы № 139-НҚ бұйрығымен бекітілген

Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме

1. Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-бабының 16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық төмен бағаны анықтау тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Әдістеме монополиялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын анықтау кезінде қолданылады.

3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.

4.Монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу фактісін белгілейді;

2)Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы болу фактісін белгілейді (мемлекеттiк монополия);

3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) болу фактісін куәландырады;

4) нарық субъектісі Тізілімге енгізілген үстем үлесті белгілейді.

5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленбеген жағдайда монополиялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.

6. Монополияға қарсы орган тауар нарығына талдау жүргізгеннен және Субъектіні Тізілімге енгізгеннен кейін, нарық субъектiсiнiң, монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң болуын көрсететiн нақты деректер болған жағдайда Заңда белгіленг