Медицина • 24 Ақпан, 2020

Алматыда тоқ ішек обырын зерттейтін қанатқақты жоба қолға алынды

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Автоматтандырылған сандық иммундық-химиялық гемокульт-тестін пайдалану арқылы колоректалды обыр скринингі» қанатқақты жобасы қолға алынды.

Алматыда тоқ ішек обырын зерттейтін қанатқақты жоба қолға алынды

Қанатқақты жобаны іске қосу үшін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бірнеше емхана таңдап алды. Осы бастамаға орай, ҚазОжРҒЗИ-да емхана басшыларымен кездесу өткізіліп, зерттеу жүргізудің техникалық мәселелері талқыланды. Пилоттық зерттеуді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасымен Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ҒЗИ жүргізеді. Бұл бастама скринингте жаңа технологияларды қолданудың клиникалық артықшылықтарын талдауды көздейді.

Жоба аясында АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Швецияда, Данияда, Германияда, Кореяда және басқа елдерде КРО скринингінде қолданылатын EikenChemicalCo.:Ltd. өндірісінің 10 мың сандық автоматтандырылған иммунохимиялық гемокульт-тесті сынақтан өтеді.

Колоректальды обыр (КРО) онкологиялық аурулар құрылымында әлемде бойынша көш бастап тұр және өсу үрдісі бар.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда КРО аурушаңдығының ұдайы өсуі байқалады: 2004-2010 жылдары орташа жылдық стандартталған науқастану 100 мың тұрғынға шаққанда 16,7 жағдайды, 2011-2018 жылдары 100 мың тұрғынға шаққанда 18,7 жағдайды құрады.

Колоректальды обыр 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасының халқының онкопатология құрылымында 3 орында тұр. 2018 жылы Қазақстанда 3218 бастапқы КРО ауруы анықталып, оның 1450 жағдайы өлім-жітіммен аяқталды.

Қазақстан ДДҰ және колоректалдық скрининг сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық басшылықтың ұсынымдарын ескере отырып, 2011 жылы КРО скрининг бағдарламасын енгізген. 2013 жылдан бастап нәжістегі жасырын қанды сапалы анықтай алатын иммунохимиялық (иммунофлюоресцентті) тест қолданылады.

Гемокульт-тестінің оң нәтижесі бар пациенттер қан кету көзінің табиғатын анықтау үшін жаппай колоноскопияға жіберіледі.

Яғни, тест нәтижесі оң (нәжіс үлгісінде гемоглобин деңгейі бар) немесе теріс деп бағаланады.