Абай • 25 Ақпан, 2020

Ақын мұралары – Барнаулда

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы Шығыс Қазақстан облысымен іргелес, Ресейдің Барнаул қаласында да атап өтіліп жатыр.

Ақын мұралары – Барнаулда

Жақында осы шаһардағы Ал­тай мемлекеттік универ­си­тетінде «Орталық Азиядағы білім-ғылым және мәдени ке­ңіс­тіктегі халықаралық ын­ты­мақтастықты дамыту» та­қы­рыбында өткен стра­тегиялық сессия барысын­да ақын мерей­тойына орай көрме ашылды. Өскемендегі Д.Серікбаев атын­дағы ШҚМТУ, облыстық Ішкі саясат, Мәдениет, мұра­ғаттар және құжаттама бас­қар­­маларының қолдауымен ұйымдастырылған көшпелі көрме Алтай мемлекеттік уни­верситетінің «Қазақстан жо­лы және Н.Назарбаев» ка­федрасының кабинетіне қо­йыл­ды. Халықаралық кездесуге қатысқан ШҚМТУ-дың бі­рінші проректоры Сәуле Рах­метуллина көрмедегі уни­верситет экспонаттарын Се­мейдегі Абай атындағы об­лыстық мамандандырылған кітапхананың материал­да­­ры, атап айтқанда Абай­дың және оның саяси қу­ғын­ға түскен достарының фо­то­­­пор­­треттері, «Абай әле­мі» се­­­рия­сымен шыққан Шә­­кә­рім Құдайбердіұлы, Ф.Дос­тоев­­ский, М.Әуезов, Ә.Қа­­шау­­баев, А.Иванов кітап­тары то­лықтырғанын айтады. «Алтай мем­лекеттік универ­ситетінің ректоры С.Бочаров өзінің құт­­тықтау сөзінде әлемдік мә­де­ниеттің ұлы қайраткері Абай Құнанбайұлының мерей­тойына арналған көрме жас­тар арасында гуманизм идея­ларын, жалпы­адамзаттық құн­дылықтарды таратуға ық­пал ететінін ерекше атап өтті. «Біз Алтай мемлекеттік уни­верситетінің «Қазақстан жолы және Н.Назарбаев» ка­фе­драсына «Абай әлемі» се­рия­сымен шыққан туындыларды және философия ғылым­дарының докторы, профес­сор, халықаралық Абай клу­бының жетекшісі болған Е.Гри­­горьевтің «Адам бол», «Абай және Алаш қозғалысы», «Про­метей Великой степи» сияқ­­ты бірнеше еңбегін сыйға тарттық. Сонымен қатар Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік тех­никалық университетінің студенттері Әділет Қасақаев пен Аяужан Аянқызы Абай­дың өлеңдерін оқып, челлендж­ді Алтай мемлекеттік универси­тетінің студенттеріне тапсырды. Өз кезегінде ұлы Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыған Алтай мемлекеттік университетінің студенттері эста­фетаны жақында тағайын­далған Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевқа жол­дады. Көрме екі апта бойы жұ­мыс істейді» деді ол.

 

ӨСКЕМЕН

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50