Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыдағы МӘМС 173 қызмет көрсетушімен келісімшарт жасады

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсету туралы баяндады.

Алматыдағы МӘМС 173 қызмет көрсетушімен келісімшарт жасады

Жаңа реформаның арқасында биыл Алматы қаласының Денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру көлемі 1,5 есеге өсті.

Бүгінгі күні Алматы қаласындағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 173 қызмет көрсетушімен келісімшарт жасады. Оның ішінде 144 медициналық мекеме мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді. Міндетті медициналық сақтандыру аясында 152 ұйымдармен шарттар жасалды, оның 55% -ы жеке меншік.

Медициналық сақтандыру жүйесінде жеткізушілермен бірге медициналық қызметтер көрсетуді іске асыру жалғасуда. 2020 жылы МӘМС енгізумен оңалту және қалпына келтіру көмегін көрсету бойынша медициналық ұйымдардың саны артты. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша олардың саны 62-ге жетті,оның 25-і жеке меншік клиникалар. Салыстыру үшін 2019 жылы бұл қызметті кепілді көлем шеңберінде бар болғаны 4 мекеме болғанын атап өткен жөн.

ДСБ басшысының айтуынша, бүгінгі таңда барлық медициналық мекемелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Пациенттерге ыңғайлы болу үшін қазір барлық медициналық ұйымдар, Қор жеткізушілері МӘМС-ке жарналарды төлеу үшін төлем терминалдарын белсенді түрде орнатуда. Мұндай өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттары МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуді талап ететін, сақтандырылмаған адамға медициналық мекеме ғимаратынан шықпай-ақ терминал арқылы төлем жүргізуге және МӘМС жүйесінде бірден «сақтандырылған» болуға мүмкіндік береді.

Өз бетінше табыс табатындар екі жолмен МӘМС-ке  қатыса алады: ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ын, яғни айына 2 125 теңге төлей отырып немесе бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлей арқылы. Алматы үшін төлем ­­­­­ ­2 651 теңгені құрайды.

АЛМАТЫ