16 Тамыз, 2013

Желмен жарысқан желаяқ

262 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Осы күндері Мәскеуде жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жиырмадан астам медальдің иегерлері анықталды.

Біздің өкінішімізге қарай, қазақстандық спортшылар әлі бірде-бір жүлде ала алмай отыр. Ал басқа елдердің үкілеп қосқан үміттері бірінен соң бірі әлем чемпионаты басталған төрт күннің ішінде жоспарланған 47 медаль жиынтығының тең тартысын өзара таратып үлгерді. Соның ішінде жарыстың екінші күні ямайкалық желаяқ Усэйн Болт 100 метрге жүгіруден чемпион атанды.

Осы күндері Мәскеуде жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында жиырмадан астам медальдің иегерлері анықталды.

Біздің өкінішімізге қарай, қазақстандық спортшылар әлі бірде-бір жүлде ала алмай отыр. Ал басқа елдердің үкілеп қосқан үміттері бірінен соң бірі әлем чемпионаты басталған төрт күннің ішінде жоспарланған 47 медаль жиынтығының тең тартысын өзара таратып үлгерді. Соның ішінде жарыстың екінші күні ямайкалық желаяқ Усэйн Болт 100 метрге жүгіруден чемпион атанды. Сөйтіп, 100 метрге (9,58) және 200 метр­ге (19,19) жүгіруден әлемдік рекордтың иесі, алты дүркін әлем чемпионы Усэйн Болт тағы да бүкіл әлемді таңдандырды. Ол «Лужники» стадионында өтіп жатқан жарыста 100 метрді 9,77 секундта жүгіріп өтті. Осы күні екі күн бойы толмаған Мәскеудегі «Лужники» стадионы Болттың финалға шығар сәтінде лық толды. Болт мәреге бірінші келген соң, өзінің жеңістен кейінгі найзағай сәтін де көрсетті. Қазір оның осы әдеті талай жанкүйерге танымал десе болады. Енді Болт үшін «Лужники» стадионында тағы бір сын сағаты соғады. Ол өзінің талай рет чемпион болған 200 метрлік қашықтыққа жүгіруде сынға түседі. Осы сыннан сүрінбей өтсе, қазірдің өзінде аты аңызға айналып бара жатқан Болт әлемді тағы бір таңдандыратыны сөзсіз. Болттың айтуынша, ол өз атын тарихта алтын әріппен қалдырып, Пеле, Марадона сияқты аты аңызға айналған адамдардың қатарынан көрінгісі келеді. Мұнымен қоса әлемдік бәсекеде жеңіл атлетикада америкалық Дэвид Оливер, 400 метрге жарысқан британиялық Кристин Охуруогу да мықтылар қатарынан қалыспайтындарын тағы бір рет дәлелдеді.

Әлем чемпионатында ресейлік жеңіл атлет екі дүркін Олимпиада чемпионы (2004, 2008), Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Исимбаева да отандастарына үлкен қуаныш сыйлады. Ол 4 метр 82 см-ге секіріп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл Еленаның бұрыннан бері ойлап келе жатқан мақсаты еді. Былтыр ол спорттан уақытша қол үзіп, бала туып, бүкіл уақытымды отбасыма арнаймын дегенді айтқаны есімізде. Еленаның сол арманы, мақсаты биылғы әлем чемпионатында ешкімнің алдында ұялмайтын жағдайда орындалып отыр десе болады. Жарыста чемпион атанғанда әкесі Гаджи Исинбаевты да көзіміз шалып қалды. Ұлты табасаран, Дағыстанның Хиуа ауданы, Чувек ауылында туған әкесінің қызының қуанышына екі есе қуанып жатқандай көрінді.

Біздің жеңіл атлет Маргарита Мұқашева 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады. Ол өз тобында 2 минут 2,6 секунд нәтижемен 7 орынға табан тіреді. Ал бұл топта америкалық Бренд Мартинез 800 метрді 1 минут 59,39 секундта жүгіріп өтіп, үздік нә­­­­тиже көрсетті. Айта кетерлігі, М.Мұ­қашева биылғы Универсиада ойын­дарында 800 метрді 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өткен болатын.

Әзірге біздің 17 спортшы­­мыз­­­дың төртеуі ғана жарыс жолына шығып, өнерлерін көрсетті. Әлем чемпионатының алғашқы күндері Мұқашева сияқты жүлде алады деп үміт артқан көпсайысшымыз Дмитрий Карпов та үшінші бағдарламадан кейін-ақ жарыстан шығып қалды. Ол онсайыстың бірінші бағдарламасында 100 метрді 11,37 секундта жүгіріп өтіп, мәреге 30-ыншы болып жетсе, екінші бағдарламасында ұзындыққа секіруде 6,59 метрге секіріп, соңғы орыннан бір-ақ шықты. Осыдан кейін ғана ол аздап бабына келіп, ядро лақтыруда 15,39 метр нәтижесін көрсетіп, екінші орынды иелен­ді. Дегенмен, оның бұл нәти­жесі жоғары орынға шығуға кө­мектеспеді. Сөйтіп, жалпы есепте ол 29-орынға көтерілді. Бұдан кейін 20 шақырымға созылған ерлер арасындағы спорттық жүріс жарысында Виталий Анишкин 45-орыннан көрінсе, 1 сағат 27 минут 41 секундтың ішінде жүріп өткен Георгий Шейко мәреге 36-ыншы болып жетті. Сырықпен секіруде Никита Филиппов алдымен бірінші мүмкіндігінде 5,25 метрге, одан кейін 5,40 метрге де секірді. Ал соңғы 5,55 метрді ол бағындыра алмады.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтуде. 10 тамызда басталған жарыстар 18 тамызда аяқталады.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

–––––––––––––

Суретте: Елена ИСИ