Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қаласында 27 ақпанда түнде қатты жаңбыр, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан қаласында 27 ақпанда түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %  

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 27 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ күтіледі. 27-29 ақпанда кей жерлерде тұман күтіледі. 27 ақпанда түнде және таңертең, 28-29 ақпанда тәулік ішінде жел солтүстік-батыстан, батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

27 ақпанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 27 ақпанда тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.