Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Абай мұрасын насихаттау аясында көрме ашылды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көрме залында Ұлы ақын, ойшыл, сыншы, ағартушы - Абай Құнанбаевтың туғанына 175 толуына орай «Білгенге – маржан...» атты бейнелеу өнері көркем туындыларының көрмесі ашылды.

Абай мұрасын насихаттау аясында көрме ашылды

Қазақ болмысының айнасы саналатын Абай мерейтойына арналған көрме ақын атындағы ұлттық педагогикалық университетте ашылуы заңды да, дейді ұйымдастырушылар. Аталмыш жоғары оқу орнының Өнер, мәдениет және спорт институты (бұрынғы көркем-графика факультеті) мен Қазақ ұлттық өнер академиясының Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті көп жылдардан бері тығыз іскерлік қарым-қатынаста.

1

Екі жоғары оқу орны да елдегі жетекші оқу орындарының бірі болып саналады. Екі ЖОО арасындағы тығыз байланыс орнату бүгінгі білім беру жүйесінің өзекті тұсы, осындай бірлескен іс-шараларды өткізу оқытушылар мен студенттердің өзара тәжірибе алмасуына, өз еңбектерін өзге ортада көрсетуге, шығармашылық ортаны қалыптастыру ісіне ықпал етері сөзсіз.

 

 

АЛМАТЫ