16 Тамыз, 2013

Жерге орналастыру негіздері

656 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2030kzӨңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару коми­те­ті «Ауылшаруашылық аэро­фотогеодезиялық ізденіс­тер мемлекеттік институты» шаруа­шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің №733 қаулысымен 1936 жылы 19 тамызда құрылған.

 

Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару коми­те­ті «Ауылшаруашылық аэро­фотогеодезиялық ізденіс­тер мемлекеттік институты» шаруа­шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің №733 қаулысымен 1936 жылы 19 тамызда құрылған.

Кәсіпорынды құрудың бас­ты мақсаты аэрофототүсірілім негізінде атқарылатын аймақтың фотобейнесі бар Қазақстан, Орталық Азия, сол сияқты Алтай және Сібір шекараларын ауыл шаруашылығы картографиялау қажеттілігінен туындаған еді.

Кәсіпорын өнімі (шекараның жоспарлы-картографиялық материалы) жерге орналастырудың республикалық, облыстық және аймақтық сызбаларды (жобаларды) өңдеу, шекараларды зондтау және салу және оларды қолдану бағдарламалары, құндық зондтау және салық салу, жер ресурс­тарын жетілдіру және қорғау, топырақтық, геоботаникалық ізденістер жүргізу, жерлердің инвентаризациясын жүргізу, ауылшаруашылық жерлерін пас­порттау, мониторингтеу және басқа да жерге орналастыру жұмыс­тары үшін алғашқы негіз болып табылады.

Барлық жұмыстар ең заманау­и геодезиялық, компьютерлік жә­не полиграфиялық жабдық­тар­ды және бағдарламалық қам­т­а­масыздандыруды қолда­ну­мен сандық аэро және космо­түсірілімдер негізінде атқарылып келеді. Жұмыстар нұсқау талаптары мен нормативті актілерді қатаң сақтаумен жүргізіледі.

Жоспарлы-картографиялық материалда ауыл шаруашылығы контурларының және нысанда­рының шартты белгілері мен мәндерінің бар болуы, фото­бейнесімен үйлесуі барлық жер­ге орналастыру жұмыстар түрлерін жоғары дәлділікпен және деректілікпен орындауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді жалпы мемлекеттік статистикалық сараптауда 2011-2012 жылдардың қорытындысы бойынша біздің кәсіпорын келесі орындарға ие болды. Алматы қаласында 3 номинация бойынша «Активтер мен міндеттердің көрсеткіштері», «Пайдалылық көрсеткіштері», «Өтімділік көрсеткіштері» төртінші орынға ие болса, Қазақстан Рес­пуб­­ликасында 3 номинацияда «Активтер мен міндеттердің көрсеткіштері», «Пайдалылық көр­сеткіштері», «Өтімділік көрсет­кіштері»негізінде жүлделі алдыңғы орынды иеленді .

2012 жылы «мемлекеттік жер кадастры мағлұматтарын қа­лып­тастыру» 003 мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша төмендегі­дей жұмыстар атқарылды. Қара­ғанды және Оңтүстік Қазақтан облыстары шекарасына аумағы 4,4 миллион гектарға аэротүсірілімдерді және фотожоспарларды бажалау; Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыс­тары шекараларына аумағы 14,2 миллион гектарға соңғы жоспарлы-картографиялық материалды жасау; Ауыл шаруашылығын картографиялау үшін ғарыштық түсірілімдерді өңдеу технологиясын жетілдіру жұмыстары.

Сол сияқты «КазНИПИмұнайгаз» АҚ, «Алматы облысының Алакөл ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ сияқты тапсырыс берушілермен де жұмыстар жасалды. Енді ағымдағы жылы «Мемлекеттік жер кадастры мағлұматтарын қалыптастыру» 019 мемлекеттік бағдарламасы бо­йын­ша. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары шекараларына аэрофототүсірілімдік жұ­мыстар жасау; Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары шекараларына аумағы 3,9 миллион гектарға бажалау бойынша және аэротүсірілімдерді байлау далалық жұмыстарын жүргізу; Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қзақстан облыс­тары шекараларына аумағы 7,4 м