Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған көрмені «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі мен облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырып отыр.
Департамент пен филиал қызметкерлері хакімнің өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттармен, архивтік деректермен, құнды қолжазбалармен, Абай Ахмет-Риза мешіт-медресесінде оқыған араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптармен, этнографиялық бұйымдармен танысты.
Көрмені аралаушылар ұлы тұлғаның Қызылорда қаласында 1933 жылы басылып шыққан тұңғыш толық жинағының тарихына ерекше қызығушылық танытып, музей мамандарына алғыстарын жеткізді.