Сурет Anadolu агенттігінен алынды
Анадолы агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Асад күштерінің әуеге қарсы қорғанысқа арналған үш құрылғысы да жойылған. Оның біреуі жақында Түркия әуе күштерінің ұшқышсыз аппаратын атып түсірген болатын.
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар бүгін Идлиб аймағында «көктемгі қалқан» операциясын өткізу туралы жариялады.
Қорғаныс ведомствосы басшысының айтуынша, бұл операция 27 ақпанда түркиялық 36 әскери қызметкердің өмірін қиған әуе соққысына қарсы жауап ретінде жүргізіліп жатыр.
«Біздің міндетіміз – Башар Асад режиміндегі қылмыстарды болдырмау, радикалдауды жою және көші-қонның алдын алу»,- деп атап өтті Х.Акар.
Сондай-ақ Қорғаныс министрі Түркия Сирия аумағында Ресейге қарсы қарулы қақтығысты көздеп отырмағанын айтты.