«Бүгінгі таңда Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қытайдағы барлық шетелдік азаматтарға виза беру тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Әзербайжанға ұшатын рейстер қысқарып, Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынды. Біздің азаматтарға эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерге барудан бас тартуға кеңес беріледі », - деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл елдерде 95 мыңнан астам Қазақстан азаматтары тұрады, олардың 35 мыңы - Кореяда, 40 мыңы - Америкада, 5100 – БАӘ-де, 5000 - Германияда, 3000 - Ұлыбританияда, 1800 - Италияда, 1000 адам Францияда.
«Олардың көпшілігі студенттер, мигранттар, шетелдік мекемелердің қызметкерлері және олардың отбасылары, туристер мен бизнесмендер. Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа, қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі уақытында қаралады. Бүгінгі таңда шетелде жүрген қазақстандықтардың арасында коронавирус ауруы тіркелген жоқ», - деді Сыртқы істер министрі.