17 Тамыз, 2013

Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі

351 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ерлан КЕлбасының Жарлығына сәйкес, әрбір жылғы тамыздың үшінші жексенбісі біздің елімізде Спорт күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мереке биылғы жылы 18 тамызға тура келіп отыр. Біз осы айтулы күннің қар­саңында Спорт және дене шы­нық­тыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапа­новпен сұхбат құрған едік.

 

ерлан КЕлбасының Жарлығына сәйкес, әрбір жылғы тамыздың үшінші жексенбісі біздің елімізде Спорт күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мереке биылғы жылы 18 тамызға тура келіп отыр. Біз осы айтулы күннің қар­саңында Спорт және дене шы­нық­тыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапа­новпен сұхбат құрған едік.

– Ерлан Тоқтарханұлы, Қазақ­станның абыройын аспанға көтерген Лондон Олимпиадасының тарих қойнауына енгеніне де жылға жуық уақыт болып қалды. Енді сол жеткен биікті ұстап тұрудың да оңай соқпайтыны анық. Ал, алда Қысқы Олимпиялық ойындар келе жатыр. Сол байрақты бәсекеден біздің күтеріміз қаншалықты қомақ­ты болмақ?

– Өте дұрыс айтасыз. Біздің спорт­шыларымыздың Лондон Олимпиялық ойындарында шынында да жұлдызы жарқырай жанды. Ондағы жетістік біздің бәріміздің күткендегімізден әлдеқайда асып түсті. Ол Олимпиада спорттың шын мәнінде елдің еңсесі, мемлекеттің мерейі екенін танытып берді. Тура топшылап отырсыз, келесі сондай аламанда дәл сол деңгейдегі толағай табысты қайталауымыз енді қиынға соғады. Мұның алдағы жылдың басында Ресейдің Сочи қаласында өтетін Қысқы Ойындарға да қатысы бар. Бірден айтып қояйын, ол дүбірлі додадан күтеріміз оншалықты орасан зор емес. Оның жан-жақты себебі бар. Бұл үшін мынаны айтсам да жеткілікті ғой деп ойлаймын. Біз осының алдындағы Ванкуверде бар-жоғы 1 күміс медальға ғана қол жеткіздік. Сочиде де жүлделі орындар үшін таласқа 5-6 спортшымыз араласады деген үміт бар. Солардың арасынан коньки спортынан биыл ғана әлем чемпионы болған Денис Кузин мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге айрықша салмақ артамыз. Әзірге біз осы Олимпиадаға 40 лизенция жеңіп алу жолында күресіп жатырмыз. Қазір спортшыларымыз штаттық режімде дайындалу үстінде. Егер Сочиде бұрынғы бір медальдық көрсеткішімізді екеуге жеткізсек, біздер үшін соның өзі елеулі ілгері жылжушылық болар еді. Өйткені, қалай айтқанда да, Қазақстан әзірге әлемдегі қысқы спорт түрлері барынша дамыған елдердің қатарына қосылып үлгерген жоқ.

IMG 7740

– Осы орайда елімізде бұқа­ралық спортты өркендету мәсе­ле­­­­сіне тоқталмай өте алмас едік. Оның үстіне, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін спортпен белсенді шұғыл­данатын жұртшылық санын 30 пайызға жеткізу міндетін қойып отыр.

– Бұл жерде бәрі түсінікті болуы үшін әңгімені статистикалық мәліметтерді келтіре отырып сабақ­тастырғаным жөн шығар. Мынаған қараңыз: 2007 жылы республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданған халық саны 15 пайызды құраған болса, бұл көрсеткіш 2012 жылдың қорытындысында 21,6 пайызға жетіп жығылды. Демек, 7 пайызға жуық өсім болған. Осыған қарап, ендігі қалған 7-8 жылда тағы 8 пайыздық белесті бағындыруға әбден болады ғой деп ойлаймын. Бұған бізде барлық алғышарттар бар. Қазіргі таңда түрлі деңгейдегі әкімдіктермен және басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, балаларға арналған аула клубтарының желісін кеңей­ту, спорт секцияларының түрі мен санын ұлғайту, әрбір мектепте спорт клубтарын ашу жөнінде пәр­менді жұмыстар жүргізілуде. Мұның сыртында бірқатар танымал командалық спорт түрлері бойынша мектептердің лигалық жарыстарын ұйымдастыруды қолға алдық. Соңғы кездері бірқатар депутаттар бастамасы бойынша «Барсиада» атты үлкен спорт лигасын құруды бастап кеттік. Мұның бәрі, біріншіден, бұқаралық спорттың дамып, кең етек жаюына серпін берсе, екіншіден, спортымыздың келешек жұлдыздарын тәрбиелеп шығарудың өмірлік өнегелі мектебі болмақ. Осының ыңғайында ересектер спортының бірден-бір іргелі ізбасары болып табылатын студенттік сайыстарға ерекше назар аударылып