Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Шымкентте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының аумағында орналасқан барлық ірі сауда орындарында арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі.

Шымкентте өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Бұл іс-шара өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған. 

Қазіргі таңда «Шымкент Плаза» ірі сауда ойын-сауық орынында осы бағытта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында сауда орнындағы барлық келушілер эвакуациялық шығу жерлерінен сыртқа шығарылып, шығу есіктерінің өткізу мүмкіншілігі тексеріледі. 

Алдын ала  бекіткен жоспарға сәйкес бүгін «Шымкент Плаза» ойын-сауық сауда орталығында өрт тактикалық оқу сабағы өткізілді. Шартты түрде өткізілген оқу сабағына «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ 5 бірлік техника мен 24 жеке құрам қатысты.

Шымкент

Соңғы жаңалықтар