Қазақстан • 03 Наурыз, 2020

Қазақстандағы барлық әуе тасымалымен айналысатын ұйымдар тексеріледі

155 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін тұрақты бағдарларда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниялары тексеріледі. Бұл жайында Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.



Қазақстандағы барлық әуе тасымалымен айналысатын ұйымдар тексеріледі

«Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» Заңға сәйкес «Bek Air» әуе компаниясының эксплуатант сертификаты тоқтатылды. Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК, Мәскеу қ.) әуе кемесінің өздігінен жазатын 2 борт құралындағы мәліметтерді жүктеп алды және МАК мамандары қорытынды дайындап жатыр. Әуе апатын тергеуді ІІМ жедел тергеу тобы, оның барысын қадалағауды Бас көлік прокуратурасы жүзеге асырады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Негізгі екі нұсқа қарастырылуда. Біріншісі – әуе кемесі қанаттарына мұздың қатуы. Халықаралық мамандарды тарту арқылы бұл нұсқаны тексеру үшін ұшақты ұшуға дайындық барысында оны мұз қатуын болдырмау үшін өңдеу процедураларының бұзылуы зерделеніп жатыр. Екіншісі – әуе кемесінің техникалық ақауы және ұшқыш қателігі. Бұл нұсқа аясында штаттан тыс жағдай кезінде экипаждың әрекетіне баға беруге бағытталған тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу қорытындысы бойынша орын алған қайғылы жайтқа қатысы бар күдікті тұлғаларға шара қабылдау туралы БАҚ-та жариялау мәселесі қабылданады», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қызметімен байланысты қайғылы жайтты тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Топтың тергеу қорытындысына сәйкес, жұмысшылардың кінәсі - 0, жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз деп танылған. Жұмыс берушіге қаза тапқан жұмысшылардың отбасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қажеттігілі туралы сақтандыру компаниясына хабарландыру тапсырылған. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шегушілерге материалдық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Тұрғылықты жерлері бойынша зардап шеккен 46 жолаушыға 1 миллион теңгеге дейін, қаза тапқан 12 адамның отбасыларына 4 миллион теңгеден ақшалай көмек көрсетілген. Сонымен қатар аталған әуе компаниясының орындалмаған рейстеріне билет сатып алған жолаушылардың ақшалай қаражаттарын қайтару бойынша сотқа шағым түсірілген.

«Мұнан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін тұрақты бағдарларда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниялары тексерілетін болады. Толықтай алғанда, мемлекеттік органдар ұшақ апаты кезінде зардап шеккендерге материалдық және консультациялық көмек көрсету, сонымен қатар әуе компаниясының орындалмаған рейстері жолаушыларының ақша қаражаттарын қайтару бойынша жан-жақты шаралар қабылданып жатыр», - деді Премьер-Министр.



Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025