Таным • 04 Наурыз, 2020

Ұқсата, ұстана білсек...

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ірі мемлекет қайраткері, қазақы білік пен ұлттық болмыс-бітімді санасына жасынан сіңірген замандасымыз Қырымбек Елеу­ұлы Көшербаевтың «Амал – ауыз­біршілік мерекесі» атты мақаласы қалғыған көңілді сергі­терлік, ұлт санасын тағы бір сілкіндірерлік дүние екен.

Ұқсата,  ұстана білсек...

Ең бастысы – философиялық мағына-мәнісі өте терең, ұқсатуы мен ұстануы келісіп жатса, біздің қазақы мемлекет қана емес, жыл санап жылуы азайып бара жатқан күллі адамзатқа үлгі-өнеге, рухани мызғымас құбыла етіп ұстануға боларлық ұлы Наурыздың мәңгілік, Адамата ұрпағына ортақ идеялық маз­мұнын, рухани өнегесін, адамгершілік құбыланамасын еліміздің, ұлтымыздың санасына бүгінгіден гөрі тереңірек, бүгінгіден гөрі жұғымдырақ, бүгінгіден гөрі табиғи, шынайырақ сіңіру қажеттігі өте сәтті баяндалғандығы.

Қазақтың «ашқан қарны тойынып, ашылған етегі жабылғанына» көп болды, бұл – ақымақтан өзгенің бәріне аян нәрсе, бірақ бұл адам үшін, ұлт үшін, мемлекеттің басы­бүтін егесіне айналған халық үшін мәңгілік жасаудың, ділі берік, санасы шыңдалған, небір өткелдерден аман өтіп, өз мықтылығын неше мәр­те дәлелдеген елдерден құралған, қа­тері мол, сынағы есепсіз әлем ортасына кеше ғана енген халық үшін мықтылар қоғамында мәңгілік қалуына ұмтылуының әліппесі ғана. Осылай ойлап, осылай сезінгенде ғана мәңгілік ел идеалынан дәметуге болады. Қазір мемлекет үшін ең басты нәрсенің бірі – халықтың рухын шыңдау, оның рухани-мәдени болмысын орнықты етіп қалыптастыру. Бізге белгілі «Рухани жаңғыру», соның құрамдас бөлігіндей «Ұлы даланың жеті қыры» соңғы жылдары тәп-тәуір қолға алынып отырғанының себебі – осы.

Аталмыш мақаланың да түпкі мақсат-мұраты осыған саяды. Наурыз идеясы, әсіресе Амал – осы мұратқа қызмет ете алатын, ұлт рухын өзіне толық табыс­тыра алатын, күллі халықтың санасын сергітіп, рухын шыңдай алатын дүние. Ендігі мәселе – осыны біліктілікпен халық санасына орнықтыру. Ал бұл оп-оңай нәрсе емес. Үлкен жауапкершілікті, білікті қалайтын жұмыс.        

 

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025