20 Тамыз, 2013

Көлік салығы көбейгеннен кім ұтады?

378 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Автокөліктерге салықты өсіру мәселесі соңғы бірер ай көлемінде жұрт аузымен сан-саққа жүгіріп тұр. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың елдегі кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы көп көңілге алаң салды.

Автокөліктерге салықты өсіру мәселесі соңғы бірер ай көлемінде жұрт аузымен сан-саққа жүгіріп тұр. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың елдегі кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы көп көңілге алаң салды.

Содан бері бұл ұсыныс ел талқысында. Десек те, мәселенің мәнісіне барып, наразылық танытып жатқандар негізінен қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл көлік иелері. Оларды қатты алаңдатқаны алдағы жылдың басынан бастап мотор көлемі 3-тен 4 мың текше сантиметр аралығындағы автокөліктерге салынатын салық 15 айлық есептік көрсеткіштен 35-66 АЕК-ке дейін бір-ақ көтерілмек. Өткен айдың соңында bnews.kz сайтындағы онлайн-конференцияда Қаржы министрі Болат Жәмішевке осы туралы сауал тасталғанда, ол ауқаттылар мен даңғойлардың «сән-салтанатына салынатын салық» деп соқты. Мұны әбден ойластырылған сөз дей аламыз ба, ол жағын білмедік!? Өйткені, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын автокөліктерге жұрттың бәрі астамдық жасау үшін, асып бара жатқандықтан мініп жатқан жоқ қой. Олардың арасында адал еңбек, маңдай терімен арман болған автокөлігіне аяқ артқандары да бар. Сондай-ақ, кейбір шенеуніктердің бұл шара ел бюджетіндегі тапшылықты кеміту үшін жасалынып жатыр деген уәжіне де жол жоқ. Себебі, ірі жеңіл көліктердің саны тым аз емес пе? Ол көрер көзге ұрып тұр.

Қоғамның ой-санасын құйындатқан салық мәселесінің анығы мен қанығын айыру мақсатымен жұрт көкейін тескен бірнеше сауалымызды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың өзіне жолдағанбыз. Жауап созылыңқыраса да келді. Онда, қазіргі таңда министрлік автокөліктерге салынатын салық ставкасын жоғарылату мәселесі көзделетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде, делінген. Тіптен ұсынылып отырған ставканың кестесі де жасалған.

Осыған қарағанда, министрлік қоғам пікіріне қайырылуға ықылас білдірмейді. Себебі, жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Онда Жалпыұлттық жоспардың 5-тармағына орай мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту мақсатымен ауқаттылыққа салық салынады. Оның ішінде мүлік және көлік құралы салығының фискалдық функциясын күшейту көзделген.

Дей тұрғанмен, министр, көлік салығын жоғарылатудың негізгі мақсаты бюджетті толықтыру емес, қазіргі халықаралық тәжірибеге сәйкес, көлік құралы салығына пропорционалды экономикалық негізделген ставка белгілеу болып табылады. Өз кезегінде Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу автокөліктердің қозғалтқыш көлеміне қарай айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген ставкалар бойынша жүргізіледі. Осы тетік салық жинау және салықтық әкімшілендіру үшін тиімді болып табылады, дейді. Сонымен қатар, 2009 жылы күшіне енген Салық кодексін әзірлеу кезінде салық салу әділдігін белгілеу үшін ставкаларды азайта отырып, есептеу кезінде пайдалану мерзіміне қарай автокөліктерден түзету коэффициенттерін алып тастау жөнінде шешім қабылданыпты. Бұл шара автокөлік иелерінің экологиялық стандарттары төмен ескі машиналарды сатып алуға және пайдалануға ынталы болмауы үшін жасалған екен.

Бұрынғы салық салу тәжірибесі автокөлік иелерін ескі көліктерін сақтауға ынталандырған. Сөйтіп, автокөлік паркінің одан әрі ескіруіне жол берді. Соның салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиянын тигізді. Әйткенмен, жаңа-ескі автокөліктерге салынатын салықтардың айырмашылығы болмайды, делінген министрліктің жауабында. Бұған қоса, Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер мен көпбалалы аналарға белгіленген жеңілдіктер түгел алып тасталуы ықтимал. Б