Спорт • 04 Наурыз, 2020

Қазақстанда тағы бір халықаралық турнир өтпейтін болды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтпейтін болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Қазақстанда тағы бір халықаралық турнир өтпейтін болды

Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады деп күтілген.  Алайда, 6 наурыз күні басталуы тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді.

Айта кетелік, әлемнің 77 мемлекетіне таралған коронавирус инфекциясынан соң Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салынды.