Спорт • 09 Наурыз, 2020

ҚХЛ: «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жетті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен бесінші кездесуін өткізді.

ҚХЛ: «Барыс» 5:2 есебімен жеңіске жетті

Биылғы плей-офф сатысында екі команда бұған дейін төрт мәрте кездесті. Ойындар сериясында «Барыс» 3:1 есебімен алға шыққан еді.

Бүгінгі кездесу тартысты өтетіні анық болатын. Жарыс талабы бойынша турнирдің аталмыш сатысы команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Жеңіске жеткен жағдайда елордалық клуб жартылай финалға жолдама алса, «Металлург» жарыс жолынан шығып қалатын. Ойын басынан екі команда бірден шабуылға лап қойды. Нәтижесінде 3-минутта «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев өз командасын алға шығарды.

Ал 5-минутта «Металлург» сапынан Николай Кулёмин таразы басын теңестірді. Одан кейін елордалық клуб қатарынан үш шайба соғып кетті. Алдымен Даррен Диц 6-минутта мергендік танытса, 14-минутта Антон Сагадеев бүгінгі кездесудегі екінші шайбасының авторы атанды. Ал 25-минутта Павел Акользин есепті үстемелей түсті. «Металлург» сапынан Артём Минулин 28-минутта есепті айырмасын қысқартты. Ал 59-минутта елордалық Павел Акользин ойында хет-триктің авторы атанды. «Барыс» осылайша бүгін 5:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде ойындар сериясында жеңісін төртеуге жеткізіп, плей-офф сатысының жартылай финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар