Қазақстан • 07 Наурыз, 2020

Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

«Құрметті ханымдар, сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Көктемнің бұл күні сіздердің күлкілеріңізбен бізді нұрландырады. Сіздер отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға ғана қамқорлық танытып қоймай, Қазақстанның да дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Сіздер айналаға махаббат пен қамқорлық және аналық жылу сыйлайсыздар. Біз сіздерді тек мереке күндері емес, әрдайым құрметтейміз, бағалаймыз!

Шын жүректен сіздерге денсаулық, бақыт, береке тілеймін!