Қазақстан • 08 Наурыз, 2020

Бұрқасын, жел, тұман: Үш облыста ескерту жарияланды

1336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.

Бұрқасын, жел, тұман: Үш облыста ескерту жарияланды

9 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Қызылорда қаласында наурыз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сол күні Петропавл қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. 

Соңғы жаңалықтар