21 Тамыз, 2013

Сын сағаты соққанда

381 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан

– Нұрсұлтан Әбішұлы, Орталық комитет хатшысы, Үкімет басшысы қызметтерін атқарған жылдарыңыз жайындағы әңгімеңізде 1986 жылы Қазақстандағы биліктің алмасуына байланысты жағдайларға жеке тоқталу жөн болатынын айтып едіңіз. Расында да, бұл арнайы сөз ететін, үлкен тақырып. Енді сол Колбин кезеңі туралы сөйлесудің орайы келіп тұрған сияқты.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан

 

– Нұрсұлтан Әбішұлы, Орталық комитет хатшысы, Үкімет басшысы қызметтерін атқарған жылдарыңыз жайындағы әңгімеңізде 1986 жылы Қазақстандағы биліктің алмасуына байланысты жағдайларға жеке тоқталу жөн болатынын айтып едіңіз. Расында да, бұл арнайы сөз ететін, үлкен тақырып. Енді сол Колбин кезеңі туралы сөйлесудің орайы келіп тұрған сияқты.

– «Колбин кезеңі» дейсің бе? Ел тарихындағы бір кезеңді Колбиндей кісінің атымен атау артық болады. Мәселе Колбиннің өзінде емес. Көлденең көк атты келіп, бір республиканы билей беретін жағдай қалай қалыптасты? Мәселе міне осында. 1986 жылғы желтоқсанда жастар шын мәнінде алаңға Қонаевты жақтап та шыққан жоқ, нақты Колбинге қарсы болып та шыққан жоқ, жастар алаңға ең алдымен ұлттық намысты қорғап, қоғамды жайлап алған жалғандыққа, қазақ елі бар деп есептемегеніне, бізді мүлдем білмейтін адамның басшылыққа келуіне қарсы шықты. Одан он жыл бұрын рес­публика билігіне сырттан адам әкелінсе, ол таңдау басқа ұлттың өкіліне түссе, мұндай жағдай орын алмауы да әбден мүмкін еді. Негізінде, Қазақ ССР-нің тарихындағы жетпіс жылдай уақыттың ішінде республика Компартиясының бірінші хатшылығына ұлты қазақ үш-ақ адам сайланған ғой. Соғыстан кейінгі жағдайды алсақ та, Қазақстанға Скворцов, Борков, Пономаренко, Брежнев, Яковлев, Беляев сияқты талай басшылар Мәскеудің ұйғарымымен бірінен соң бірі келіп, кетіп жататын. Олардың ешқайсысының бірінші хатшылыққа сайлануы оқыс оқиғаға айналмаған еді. Желтоқсан оқиғасы бізде ел намысын, ер намысын бәрінен биік қоя білетін жаңа буын өсіп шыққанын, тың тұрпатты ұлттық сана-сезім қалыптасқанын көрсетіп берді. Ең бастысы – ол жаңа буын өз тізгініміздің өз қолымызда болмауы неге соқтыратынына назарды шындап аударта алды.

Кеңестік федерализм қағидаты бойынша республикалардың бәрі Одақтың тең құқықты субъектілері деп саналғанымен, іс жүзінде олай болған жоқ. Мәскеу шу шығады-ау, наразылық туады-ау деген республикаларға өзгеше өбектеп қарайтын. Момын, көнбіс қазақтар көтеріледі-ау деген ойды олар қаперіне де алмаған. Одақтық өндірістің құрылымы да тізгінге қол созуға тіпті мүмкіндік бермейтін. Республикадағы барша өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының 95 пайызы Мәскеуден басқарылатын. Біздің тікелей қарауымызға тек тамақ, жеңіл өнеркәсіп және халыққа тұрмыстық қызмет салалары ғана қалдырылатын. Өз жеріміздегі кей нысандарға да бара алмайтынбыз. Мысалы, Байқоңыр ғарыш айлағына қазақстандық журналистердің табаны тәуелсіздік жақындағанда, 1989 жылы ғана тұңғыш рет тиді.

Ұлттық республикалардың өзінде ұлттық кадрларға тиісінше мүмкіндік берілген жоқ. Ол заманда биліктің қай сатысында да бірінші басшы қазақ болса, екінші басшы орыс немесе керісінше етіп қойылатын. Ең негізгі себеп қашанда экономикада жатады. Қазақ жастарын өндірісте жұмыс істеуге дайындамады. Іс жүзінде ұлтты қалыптастыратын жұмысшы табы екені ескерілмеді. Немесе нағыз ұлттың қалыптасуына мүдделілік болмады деген де орынды шығар. Тіпті зауыт жұмысшыларының ішінде біліктілігі жоғары мамандықтарға, табысы мол орындарға қазақ жастарын қоймады. Оны мен өз көзіммен талай көрдім. Осы арада сол кездегі жағдайдың әлі күнге түзелмей келе жатқанын да айта кетейін. Өндірістегі мәні шешуші мамандықтарды игерген қазақ жастары әлі де аз. Бір кездегі себеп, жаңа айт