Футбол • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус: Чемпиондар лигасының матчы көрерменсіз өтеді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына байланысты француздық ПСЖ мен дортмундтық «Боруссия» арасындағы Чемпиондар Лигасының матчы көрерменсіз өтеді. Бұл туралы Париж полиция агенттігі хабарлады.

Коронавирус: Чемпиондар лигасының матчы көрерменсіз өтеді

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Валенсия» «Аталантаны» қабылдайды. Еуропа лигасының дәл сол межесінде «Интер» «Хетафемен» ойнайды. 10,12 наурыз күндері өтетін кездесулерде жоғарыда аталған командалардың стадиондарындағы трибуналар бос болады. 

Қазіргі кезде Италияда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 3 мың адамнан асса, Испанияда 261 адам сол індетті жұқтырған.    

ПСЖ мен «Боруссия» арасындағы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жауапты ойыны 11 наурызда «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Бос трибуналар кезінде матч өткізу туралы шешімді Париж полициясы префектурасы қабылдады.

«Осы жағдайға қарамастан, клуб жоғары деңгейде ойын өткізуге ниетті. Маусымдық абонемент иелері мен ойынға билеттер сатып алған жанкүйерлерге ақпарат кейінірек беріледі», - делінген хабарламада.