21 Тамыз, 2013

Ұлылар мекеніне саяхат

780 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Таң қылаң бере елордадан шығып, Астана-Семей-Жидебай бағытын бетке алған автобус Абай өмірге келген киелі өңірге жол тартып келеді. Алыптар еліне сапардың «Ұлылар мекеніне саяхат» аталуы да жүрегімізге жылылық ұялата түсті. Ерекше атап өтерлігі, еліміз бойынша Сарыарқаның, яғни, қазақтың бүгінгі Астанасының төрінен ғұлама Абайдың туған еліне жол тартқан саяхат сапардың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан-Ресей университетінің «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы. Оның ішінде, осы орталықтың ашылуына мұрындық болып, оған көп еңбек сіңірген, аталмыш жобаның жүгін арқалап келе жатқан орталық директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Алмахан Мұхаметқалиқызы.

Шығыста күн ерте шығып, ерте бататыны баршаға аян. Ертеңіне ертелетіп Жидебайды бетке алып, жолға шықтық. Қатарымыз абайтанушы ғалым, көргені мен түйгені мол ақсақал Төкен Ибрагимов және ақын апамыз Дәмеш Омарбаевамен толықты. Ұлылар мекенінің әр тасын жатқа білетін Төкен ақсақал әріден әңгіме қоз­ғап келеді. «Мынау Шағыл төбесінен Шоқан әйгілі сапарын бастаған… Осы дөңде ғой, Ақылбайдың «Сұрғылт тұман дым бүркіпті» ша­рықтататыны. Ал, бұл әнді біреулер Абайдікі, деп жар салып жүр. Шынтуайтында, бұл екі ауыз өлең­нің әнін де, мәтінін де Ақылбай шығарғанын Ахат­тың жазбалары растайды», деп бір қайырды Төкен қарт. Міне, Жидебай бағытына бет алған жолда алғаш болып тоқтаған орнымыз, Төкен ақ­­­сақал тілге тиек еткен «Шағыл даласы» жолы болды.

...Қарт Семейдің көкірегін қақ жарып, сайын дала төсінен батысқа қарай таспадай созылған жол жатыр. Алмахан апайымыздың айтуынша, М. Әуезовтің «Абай жолы» романында қыстай қалада оқуда болған бала шәкірт ауылын аңсап, жанындағы серіктеріне маза бермей асығыс сапар шегетін жол осы. Эпопеяда айтылатындай, Семей қаласында араб, парсы, дін сабағын оқитын Абай үш жылдық оқудың жазғы демалысына шыққанда осы жолмен еліне сағына жетуші еді ғой. «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салатын» кезең көзімізге жылыұшырай кетті. Алкүрең көде мен ақселеуі желмен толқыған салқар даланың бәрі көңілге ұнамды, бәрі жүрекке жылы тиіп барады. Туған жердің бел-белестері көзіне оттай басылып, жүрегін сағыныш кернеген жас Абайдың алдағы өмірге, күрес пен тартысқа, қуаныш пен қайғыға, ой мен толғанысқа толы тіршілік белестеріне сапар шегетін жолы бұл. Шәкәрім мен Мұхтар да білім іздеп Семейге, елін аңсап Шыңғысқа қарай осы жол арқылы сан рет жүріп өткен.

Шағыл жолымен Арқалық тауына қарай біраз жүрген соң, алдымызда көлденең жатқан асу көрінді. Бұл – Күшікбай кезеңі. Күшікбай асуы – Семейден 51 шақырым қашықтықта орналасқан Арқалық тауынан асатын тұсы. Семей мен Шыңғыстау арасындағы Абай сан рет тоқтап, басында түнеген бекет.

Осы Арқалық тауының биік төбе басында Күшікбай батыр жерленген. Ол Орта жүз, уақ руынан шыққан, Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен белгілі батырлардың бірі. Батырлығымен қоса, нашарға қайырымды, әділдігімен аты шыққан адам. Академик жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен батыр атағын алған. Соңғы кездерде көздеген мақсаты қолбасылық болып, аяғында оған да жетіп, егескен елінен кегін алып, егес қылып жүргенде шешек шығыпты. Шешек ауыр шығып, көп уақыт қозғала алмай жатып қалған. Егесіп жүрген жаулары батырдың төсек тартып жатқанын пайдаланған деседі. Дұшпандары батырды қапыда алмақшы болыпты. Кек буған намыскер ер жара басқан жалаңаш етіне шекпенін желбегей жамыла салып, жауына атой беріпті. Жерін жаудан азат етіп, осы төбенің басына жеткенде, ат үстінде найзасына сүй