21 Тамыз, 2013

Әңгіме тақырыбы – жауапкершілік

565 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау қорытындысына арнаған Үндеуінен туындайтын міндеттер аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қатысуымен өткен жиында басты әңгіме тақырыбына айналды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау қорытындысына арнаған Үндеуінен туындайтын міндеттер аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қатысуымен өткен жиында басты әңгіме тақырыбына айналды.

Самат Сапарбекұлы халық қалау­лы­ларының таңдауымен баламалы түрде жаңадан сайланған аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтер әкім­де­рімен кездесуде 194 әкімге үлкен сенім ар­тылғанын, олардың 16,5 пайызын әйел­­дер құрайтынын айта келіп, ендігі мақ­сат Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орындау, халық өміріне тікелей қатысты қоғамдық-саяси мәселелерді табанды шешу болып табылатынын атап көрсетті. Ол үшін жергілікті әкімдерге қосымша өкілеттіктер беріліп, жеке жауапкершікпен қоса материалдық-техникалық, кадрлық ресурстар күшейтілді. Жергілікті ауылдық әкімдік аппараттары 198 бірлікке нығайты­лып, штаттарды ұстауға 70 миллион теңге бөлінді.

Ауыл әкімдерінің басты бақылауда ұс­тайтын өзекті мәселелерінің бірі – жол. Биыл бұл салаға 5 миллиард теңге қарас­тырылып, облыстық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу жоспарлы түрде шешімін тауып келеді. Сапалы ауыз суға зәру елді мекендер проблемасын шешу мақсатымен 2,4 миллиард теңге жұмсау қарастырылған. Энергия қуаттарын үнеммен пайдалану бағытында да қыруар істер күтіп тұр. Әлеуметтік нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлердің алдағы қысқы маусымға дайындығы 83 пайызды құраса да, жекелеген аудандардың әзірлігі қанағаттандыра бермейді.

Жиында ауыл-селоларды көгалдандыру, жасыл желекке бөлеу жайы да қозғалды. Әлі учаскелік инспекторлардың 62 штат бірлігі жетіспейтінін ескерсек, қоғамдық тәртіпті орнықтыру оғайға түспейтіні белгілі. Білім беру, әлеуметтік қорғау,кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру өзара үйлесімділікті қажет етері сөзсіз. Аумақтық үйлестіру кеңесіне жолданған 325 өтініштің 88-і ғана ауыл кәсіпкерлерінен түскен. Соңғы үш жылда 44 миллиард теңгеге 3130 жаңа техникалар сатып алынған. Алайда, 194 ауылдық округтің 32-сі ғана негізгі техникалармен қамтамасыз етілуі ойландырмай қоймайды.

Басқосуда Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков сөз алып, әкімдерді еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерлері мен қажыр-қайраттарын жұмсауға шақырды. Кездесуден соң барлық деңгейдегі әкімдер үшін арнайы семинар ұйымдастырылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.