Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Қарағандыда DiVera маммологиялық орталығы ашылды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Olymp Medical Group» ЖШС-нің жеке қаражатына салынып, іші толықтай медициналық заманауи аспап-құралдармен жабдықталған DiVera  маммологиялық орталығы ашылды.

Қарағандыда DiVera  маммологиялық орталығы ашылды

Медициналық мекемеде үлкендігі миллиметрдей ғана болатын ісіктің өзін анықтай алатын томосинтез аппараты жұмыс істейді.

Томосинтез – сүт безінің қатерлі ісігін диагностикалаудың инновациялық тәсілі. Оның стандартты 2d маммографиядан айырмашылығы – сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтап, пациенттің өмірін сақтап қалуға ықпалын тигізетін   бірқатар жұқа қабатты суреттерді әр қырынан түсіруге мүмкіндік береді.

– Цифрлық томосинтез қазір жаңа технология ретінде тіркеледі және  биыл ол жоспар бойынша тарифке енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бұл зерттеулерге арналған тарифті мақұлдағаннан кейін, ол мемлекеттік тапсырыс және міндетті медициналық сақтандыру аясында жүргізілетін болады, – деді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Ержан Сүлейменов.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда сүт безінің қатерлі ісігі кең таралған қауіпті ауру, оны әлем бойынша әйелдер арасындағы өлім-жітімнің көбеюіне тікелей себепкер деп атауға болады. Қарағанды облысында 2019 жылы сүт безінің қатерлі ісігі ауруының 571 оқиғасы анықталған, бұл көрсеткіш 2018 жылғымен алыстырғанда 6 пайызға арта түскен.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа орталықта медициналық сақтандыру қатысушыларының маммологиялық және пластикалық хирургиямен қоса басқа да қызметтерді тегін алуға мүмкіндігі бар.

 

Қарағанды облысы