Данияр Майлыбаев
52 келіде жұдырықтасқан Сәкен ширек финалда жеңіліс тапқан болатын. Іріктеу бәсекесінің ережесі бойынша, бұл салмақта тағы бір жолдама сарапқа салынды.
Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан Филиппин өкілі Карло Пааламмен құрлықтық турнирдегі соңғы жолдамаға таласты.
Жекпе-жектің үш кезеңінде де төрешілер жеңісті Сәкенге берді. Бірінші және үшінші раундта Бибосынов 4:1 есебімен алға шықса, екінші айналымда 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын бокстан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасының мүмкін болғанын сегіз жолдамасын да жеңіп алды.