21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің бұйрығы № 414-ө-м

391 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

2012 жылғы 29 қазан,   Астана қаласы

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (57-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С. Ә. Ахметовке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Минстр             С. ӘБДЕНОВ.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 29 қазандағы № 414-ө-м бұйрығымен бектілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықта­малығы (57- шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) «Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары» бөлімінен тұрады.
2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.
3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады. «Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.
4. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.
5. Сонымен қатар, «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.
6. «Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.
7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
9. Тарифтік-біліктілік сипаттама жеті разрядтық тарифтік кестеге сәйкес әзірленді.
10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
11. «Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Жарнамалық-безендіру және макет жұмыстары
1. Зерәйнекші
Параграф 1. Зерәйнекші, 2-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
қосымша жұмыстарды орындау;
зерәйнек қабатының қатты өзегі н жасау үшін болат сымды тазалау, түзету және жаншу;
мастика дайындау;
қорғасыннан жасалған әшекей каркастағы саңылауларға мастика тығындау;
дайын зерәйнекті тазалау және жуу.
13. Білуге тиіс:
металды қажетті қалыңдыққа дейін жаншу тәсілдері;
мастиканың құрамы мен оны дайындау техникасы;
каркастағы саңылауға мастика жағу тәсілдері.

Параграф 2. Зерәйнекші, 3-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары зерәйнекшінің басшылығымен суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен зерәйнек жасау;
ірі плита немесе құйма шыны қалыпта қажетті мөлшерге дейін арнайы құралмен жару;
әшекей каркасқа арнап қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан профиль жасау. зерәйнекті жиектеу үшін мырыш қаңылтырдан профиль жасау;
дәнекер, синтетикалық құрам мен шайыр дайындау.
15. Білуге тиіс:
зерәйнекті жасау кезінде қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, олармен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік әдістері;
суретті авторлық калька-шаблоннан жұмыс калькасы мен шыныны кесуге арналған шаблон жасалатын материалға салу тәсілдері;
қорғасыннан, алюминийден, жезден, мыстан жасалған профильді тарту тәсілдері;
жиектемені жасауға арналған қаңылтырдың қасиеттері;
синтетикалық құрам мен шайырдың құрамы мен оларды дайындау техникасы;
дәнекер түрлері;
қолданылатын материалдардың түрлері мен мақсаты;
қолданылатын жабдықтың түрлері.

Параграф 3. Зерәйнекші, 4-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:
суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әр түрлі түрлерінен қарапайым зерәйнек жасау;
қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу;
суретсіз бетте құм бүріккіш аппаратпен абразив немесе шойын шеңбермен күңгірт тегістік жасау және қышқылмен өңдеу;
әйнектің бетін «мороз» әдісімен өңдеу;
қаттылық өзегін сурет бойынша ию және оны зерәйнектің теріс жағына дәнекерлеу;
тік сызықты пішінді әйнекті құю үшін қалып жасау.
17. Білуге тиіс:
зерәйнектің негізгі түрлері және оларды жасау технологиясының мәні;
зерәйнек пен басқа да қолданылатын материалдардың түрлері, сорты, физикалық және механикалық қасиеттері;
қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу тәсілдері;
плиткалар мен құйманы шыны қалыпта өңдеу түрлері мен техникасы;
әйнектің бетін күңгірттендіру тәсілдері;
әйнектің бетін «мороз» әдісімен өңдеу мәні;
дәнекерлеу кезінде қолданылатын металды балқыту температурасы;
шыны құю үшін қолданылатын материалдың түрлері мен қалып жасау технологиясының мәні;
қолданылатын құралдардың түрлері мен мақсаты; қолданылатын жабдықтың түрлері.
18. Жұмыс үлгілері
жасау:
1) әшекей каркаста тік сызықты пішінде сурет элементтері бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген қабат әйнектен жасалған зерәйнек.
2) бетоннан жасалған әшекей каркаста қарапайым геометриялық фигуралы қалыпқа құйылған әйнектен жасалған зерәйнек.
3) дәнекерленген металдан жасалған әшекей каркаста тік сызықты қалыпты әйнектен жасалған зерәйнек.

Параграф 4. Зерәйнекші, 5-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:
суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әйнектің әр түрлі түрлерінен күрделілігі орташа зерәйнектерді жасау;
қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта тік сызықты контур бойынша өңдеу;
суретші автор жасаған эскиз не картон бойынша және оның басшылығымен әйнекке оның бетін құм бүріккіш аппаратпен күңгірттендіре отырып, абразив, шойын, металл шеңбермен немесе бормашинамен оюлай отырып немесе қышқылмен өңдей отырып, ою немесе қарапайым өсімдік формаларын салу;
біртекті қисық сызықты пішінді құю үшін қалып жасау немесе қарапайым рельеф;
әшекей каркасты өңдеу: металға бедер салу, патинирлеу және өңдеу; ағашты қатыру, ою; бетонды фактуралау, жұқалау, қорғасын тартпалы қалайымен қаптау;
біліктілігі анағұрлым жоғары зерәйнекшінің басшылығымен архитектурада зерәйнекті салу және монтаждау.
20. Білуге тиіс:
зерәйнектің түрлері және оларды жасау технологиясының мәні;
қаңылтыр және құйма плиткалы әйнекті біркелкі қисық сызықты контур бойынша кесу ережесі;
сурет пен бейнелеу теориясының негізде рі;
әйнекке сурет салу технологиясының мәні;
суреті бар әйнекті күйдіру кезіндегі температуралық режим өлшемдері;
әйнекке сурет салуға арналған бояудың және әйнектің бетін күңгірттеу кезінде оған жағуға арналған арнайы массаны түрлері, құрамы мен оны дайындау техникасы;
әшекей каркасты әр түрлі өңдеудің түрлерін орындау технологиясының мәні;
жабдықтың құрылысы және оны баптау ережесі.
21. Жұмыс үлгілері
жасау:
1) әшекей каркаста қисық сызықты пішінде сурет элементтері бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген қабат әйнектен жасалған зерәйнек.
2) әйнектің бетін күңгірттеу арқылы геометриялық және қарапайым өсімдік қалыпты оюы бар зерәйнек.

Параграф 5. Зерәйнекші, 6-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
суретші автор жасаған эскиз, картон немесе калька-шаблон бойынша металдан, бетон немесе ағаштан жасалған әшекей каркасқа бекітілген әйнектің әртүрлі түрлерінен күрделі зерәйнектерді жасау;
қаңылтырды кесу, плитка немесе құйма шыны қалыпта күрделі қисық сызықты контур немесе күрделі рельеф бойынша өңдеу;
суретші автор жасаған эскиз не картон бойынша және оның басшылығымен әйнектің қабырғасына оның бетін құм бүріккіш аппаратпен күңгірттеу, ою немесе қышқылмен өңдеу әдісімен күрделі өсімдік формалы сурет салу;
күрделі қисық сызықты конфигурациялы немесе күрделі рельефті әйнекті құю үшін қалып жасау;
суретші автормен бірлесе отырып, шынының политрасын таңдауға қатысу;
біліктілігі анағұрлым төмен зерәйнекшілердің жұмысына басшылық жасау.
23. Білуге тиіс:
сурет және бейнелеу өнері теориясы;
қабат, плитка және құйма формалы әйнек пен декоративті каркастың түрлері, оларды декоративтік өңдеу тәсілдері мен мәні.
24. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
25. Жұмыс үлгілері
Жасау:
1) сурет элементтері конфигурациялы бар, жиі қайталанатын сынық бұрыштары бар қорғасын тартпамен дәнекерленген немесе алюминий тартпамен бекітілген декоративті каркаста қабат әйнектен жасалған зерәйнек.
2) бетоннан жасалған әшекей каркаста сынық бұрыштары бар конфигурациялы және бекітілген қалыпқа құйылған әйнектен жасалған зерәйнек.

2. Сөре декораторы
Параграф 1. Сөре декораторы, 3-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары декоратордың басшылығымен сөрелерді безендіру;
тауарларды сөрелерді безендіруге дайындау;
баға көрсеткіштерін жасау. ай сайынғы абонементтік қызмет көрсету жағдайында сөрені күту.
27. Білуге тиіс:
сөрелерді безендіру бойынша барлық қосалқы жұмыстарды орындау тәсілдері;
сөрелерді күту ережесі.

Параграф 2. Сөре декораторы, 4-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:
дүкендердегі, республикалық маңызды көрмелердегі, жәрмеңкелердегі қарапайым және күрделілігі орташа композициялық және түрлі-түсті біртекті сөрелерді суретшінің эскизі бойынша безендіру.
29. Білуге тиіс:
тауарларды эскиздер бойынша салудың негізгі тәсілдері;
ішкі сөрелер мен көрме стенділерін безендіруге арналған тұғырлар мен қосымша материалдардың түрлері.

Параграф 3. Сөре декораторы, 5-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
дүкендердегі, базарлардағы күрделі композициялық және түрлі-түсті әр түрлі сөрелерді суретшінің эскизі бойынша немесе оның басшылығымен безендіру.
31. Білуге тиіс:
сөрелер мен көрме стенділерін безендіру композицияларының негіздері;
сөрелерді безендіру кезінде жарнамалық және ақпараттық плакаттарды пайдалану ережесі.

Параграф 4. Сөре декораторы, 6-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
фирмалық, арнайы және әмбебап дүкендердегі өте күрделі композициялық және түрлі-түсті әр түрлі сөрелерді суретшінің эскизі бойынша безендіру;
сөрелерді өздігінен безендіру үшін жалпы композициялық шешімнің фор-эскиздерін жасау;
біліктілігі анағұрлым төмен сөре декораторларының жұмысына басшылық жасау.
33. Білуге тиіс:
өте күрделі әр түрлі сөрелерді безендіру ережесі;
тауарларды көрсету және оларды бір экспозицияда техникалық безендіру формасы мен әдістері;
техникалық сурет салудың және шрифтілік жұмыстарды орындаудың қарапайым тәсілдері.
34. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

3. Бүрмелеу
Параграф 1. Бүрмелеу, 1-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары бүрмелеушінің басшылығымен бетін қаптауға дайындық жұмыстарын орындау;
тік сызықты қалқандарды қаптау;
бүрмеге сақина, түйме, бау тігу;
қалқандарды қаптау үшін кенеп қапты тігу.
36. Білуге тиіс:
бетін қаптауға дайындық жұмыстарын орындау тәсілдері.

Па раграф 2. Бүрмелеу, 2-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:
бетін қаптау үшін дайындық жұмыстарын және қарапайым қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау;
материалды пішу;
тік сызықты бетті тарту;
қарапайым қаптама мен пердені жөндеу.
38. Білуге тиіс:
қарапайым қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;
қаптау материалдарының түрлері мен мақсаты;
қаптауға арналған матаны тігудің техникалық шарттары.
39. Жұмыс үлгілері
1) шашақ, фестон – тігу;
2) ілмек – орау;
3) тік сызықты рама астары мен қабырғасы – суретсіз материалмен тарту;
4) тегіс портьер – үтіктеу.

Параграф 2. Бүрмелеу, 3-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;
материалды тігу, күрделілігі орташа қаптама мен бүрмені тігу.
41. Білуге тиіс:
күрделілігі орташа қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;
матаны пішу технологиясының мәні;
бүрмелеу матасының қасиеттері мен түрлері;
тігін машиналарының түрлері және оларды пайдалану ережесі.
42. Жұмыс үлгілері:
1) арка, бүрме – тегіс бүрме;
2) қос етек, бүрме, желбірек – бүру және тігу;
3) астарсыз тегіс портьерлер – пішу және тігу;
4) қабырға, тегіс қалқандар – сурет етіп қаптау.

Параграф 3. Бүрмелеу, 4-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;
күрделі қаптамалар мен бүрмелерді жөндеу.
44. Білуге тиіс:
күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау ережесі;
күрделі бүрмелерді пішу және тігу технологиясының мәні;
бұйымдарды жиектеу түрлері.
45. Жұмыс үлгілері
1) жиһаз – матамен қабаттап қаптау;
2) астарлы қалың портьерлер, тегіс көтерілетін перде – пішу және тігу;
3) тегіс қабырға, сфералық стенділер мен қалқандар – қатпарлап бүру;
4) жиһаздың тысы – пішу және тігу.

Параграф 4. Бүрмелеу, 5-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
аса күрделі, стильді қаптау-бүрмелеу жұмыстарын эскиздер мен сурет бойынша орындау;
материалдарды күрделі пішу, күрделі қаптамалар мен бүрмелерді жөндеу;
бетін «сияние» және «фантазия» маталарымен қаптау;
біліктілігі анағұрлым төмен бүрмелеушінің жұмысына басшылық жасау
47. Білуге тиіс:
аса күрделі қаптау-бүрмелеу жұмыстарын орындау тәсілдері;
стильді және ескі жиһазды қаптаудың техникалық тәсілдері;
барлық стильдегі бүрмелерді жасау тәсілдері.
48. Жұмыс үлгілері
1) астарлы және жапсырмалы сахна шымылдығы, француз пердесі – жасау және монтаждау;
2) арқалығы бар кесон төбе – қатпарлап және сурет салып қаптау;
3) сфералық төбе, стенділер, қалқандар – «луч» етіп бүру.

4. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы
Параграф 1. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 1-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:
дайындық жұмыстарын орындау;
қарапайым колер жасау;
қарапайым қаріппен жазылған әріптер мен номерлерді белгіленген орынға ауыстыру.
50. Білуге тиіс:
күрделі емес қаріптер мен нөмірлерді трафарет бойынша жазуымен бір колерге жағу әдіс-тәсілдері;
колер жасау және қарапайым өңдеу үшін бетін дайындау ережесі.

Параграф 2. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары орындаушының басшылығымен қарапайым композициялы шрифтілік жұмыстарды дайын трафареттер мен шаблондар бойынша құрғақ кисьтпен, нормограф бойынша түтікпен, колер жағылмаған қағазға гуашьпен және тушьпен жағу арқылы орындау;
кистьтің көмегімен түрлі-түсті гуашьті нөмірі бойынша жиектелген әріптік және цифрлық белгілерге толтыру;
жазуларды, нөмірлер мен виньеткаларды салу трафареті бойынша бірдей тонда қолмен жаза отырып, түсіру.
52. Білуге тиіс:
қаріптерді салу ритмі; қолданылатын бояулардың құрамы мен қасиеттері;
кистьпен жиектелген белгілерді толтыру тәсілдері;
айлабұйымдарды, құралдарды пайдалану ережесі.
53. Жұмыс үлгілері
1) бір-екі жолдық кесте - нормограф пен трафарет бойынша орындау;
2) жарнамалары мен плакаттар бар қалқан – қолмен және трафаретпен жазу.
Параграф 3. Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым композициялы шрифтілік жұмыстарды дайын трафареттер мен шаблондар бойынша құрғақ кисьтпен, нормограф бойынша түтікпен, колер жағылмаған қағазға гуашьпен және тушьпен жағу арқылы орындау;
біліктілігі анағұрлым жоғары суретшінің басшылығымен қарапайым композициялы суреттерді дайын трафаретке май және гуашь бояулармен салу;
бетті жазба жазу үшін дайындау.
55. Білуге тиіс:
шаблон, таспалы-м