Футбол • 12 Наурыз, 2020

Баршамызды қуантты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлік­терінде өнер көрсетіп жүрген Бауыр­жан Ислам­хан алғашқы голын соғып, өз коман­дасының Президент кубогы­ның финалына шығуына сүбелі үлес қосты.

Баршамызды қуантты

Жартылай финалда «Әл-Айн» «Әл-Шарджа» клубымен шеберлік сынасты. Кездесудің 32 минутында таразы басы 1:1 есебімен тең тұрған еді. Сол кезде Бауыржан 22-23 метрдей қашықтықтан қақпаға қарай доп­ты шірене тепті. Қақпашы қанша жанталас­қанымен, қауіптің бетін қайтара алмады. Одан кейін де Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны өте сауатты ойнап, стадионға жиналған барша көрерменді қуантты. Нәтижесінде «Әл-Айн» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алса, қандасымыз осы матчтың ең үздік ойыншысы деп танылды.