Кеше, 11 наурызда жергілікті Ұлттық зертхана төрт туристің үшеуі коронавируспен ауырғанын растады. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп жоқ .
Айта кетейік, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты жаһандық пандемия деп жариялады. Әлемнің 100-ден астам елінде 120 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған, оның көпшілігі аурудан айықты. 4 мыңнан астам адам көз жұмды.