Алғашқы айналымдағы бес кездесудің қорытындысы бойынша Магнитогорскінің «Металлургын» 4:1 есебімен ұтқан Нұр-Сұлтанның «Барысы» бұл межеде Новосібірідің «Сибирь» клубымен шеберлік байқасады.
Биыл маусымдағы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінде қарсыластарымыз 10 орынға табан тіреді. 62 рет мұз айдынына шыққан олар 74 ұпай жиды. Плей-офф додасының алғашқы кезеңінде «Сибирь» Екатеринбургтің «Автомобилистінен» айласын асырды. Бұл бәсекеде де 4:1 есебі тіркелді.
Ал «Барыс» биылғы тұрақты біріншілікте төртінші орынды иеленді. Сол жарыста жерлестеріміз 84 ұпайды қоржынға салды.
Жоғарыда аталған қос команда арасындағы алғашқы екі кездесу 17 және 19 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда өтеді.