21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің бұйрығы № 228

630 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 14 маусым,  Астана қаласы

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;
3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр            Б.Жұмағұлов.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығымен бекітілген

Балаларға арналған қосымша білім беру
ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заңы), «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленген және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы – білім алушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың, жеке адамның, қоғам мен мемлекет мүддесіндегі білім беру және мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, оларды іске асыру;
3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке адам даралығын дамыту үшін жағдайлардың жасалу жолдары арқылы ой-өрісін байыту;
4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге немқұрайды қарамауға тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;
7) қоғам өміріне бейімдеу;
8) олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру болып табылады.
4. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлеріне:
1) қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы;
2) оқушылар сарайы (үй, орталық, кешен, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы);
3) жас натуралистер бекеті (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және өлкетану орталығы);
4) жас техниктер бекеті (орталық, балалар және жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі);
5) жас туристер бекеті (балалар және жасөспірімдер туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің экология және туризм орталығы, балалар және жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы);
6) балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары);
7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі және көркемдік-эстетикалық бағыттағы басқа мектептер);
8) балалар сауықтыру лагері (орталық, кешен, қала сыртын