Спорт • 13 Наурыз, 2020

Футзал: Игита ең үздік қақпашы атағынан үмітті

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының мүшесі Игита ең үздік қақпашы атануы мүмкін.

Футзал: Игита ең үздік қақпашы атағынан үмітті

«Futsal Planet Awards» конкурсының ең үздік қақпашы атағынан үміткерлер қатарында Игитадан бөлек, Гуитта («Спортинг», Португалия), Миодраг Аксентиевич (АЦЦС, Франция), Карлос Баррон («Пальма», Испания), Джони Мендеш («Пато», Бразилия), Лукас Фарах («Бока Хуниорс», Аргентина), Хуанхо («Барселона», Испания), Мохаммади («Газпром-ЮГРА», Ресей) және Юши Секигучи («Нагоя Оушенс», Жапония) сынды саңлақтар бар.

33 жастағы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының тумасының шын есімі – Леонардо де Мело Виейра Лейте. Игита деген лақап атпен танылған футзал шебері 2009-2010 жылдары Қарағандының «Тұлпарында» ойнаса, 2011 жылдан бері «Қайраттың» сапында жасындай жарқырады. 2013 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, түрлі халықаралық додаларда ел намысын абыройлы қорғауда. 2015, 2016 және 2018 жылдары Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атанды.