Кәсіпқой бокс • 13 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс: Ертең Майамиде қос жерлесіміз жұдырықтасады

3936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең тәңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста Қазақстанның қос өкілі шаршы алаңға шығады.

Кәсіпқой бокс: Ертең Майамиде қос жерлесіміз жұдырықтасады

Жартылай жеңіл салмақтағы Мұса Тұрсынғалиев аргентиналық Эсекел Альберто Тевесен күш сынасады. 25 жастағы қандасымыз бұған дейінгі 10 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, алтауында айқын басымдық танытты. 35 жастағы Оңтүстік Американың оғланы 18 рет рингке көтеріліп, 13 бәсекені (4 нокаут) өз пайдасына шешті.       

Бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсәділов америкалық Квинтелла Томсонмен айқасады. Серік бес кездесу өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтады. АҚШ өкілі 15 бәсекенің тек төртеуінде ғана жеңіске жеткен екен.  

Соңғы жаңалықтар