Руханият • 14 Наурыз, 2020

Балалар басылымы «Ұланға» - 90 жыл

1576 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғасырға жуық тарихы бар отандық балалар басылымы дарынды, ұшқыр ойлы бірнеше буын жастарға тәрбие берді. Бүгін 14 наурыз - газеттің түңғыш жарық көрген күні. 

Балалар басылымы «Ұланға» - 90 жыл

Суреттер «Ұлан» газетінен алынды

Балалар мен жасөспірімдерге арналған газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Ол кездегі басылым атауы «Пионер» болды. Ал сол жылдың қарашасында «Пионер» дербес басылымға айналды. 

Басылым әр жас оқырманын сөз әлеміне баулып, оларға шығармашыл әрі рухани орта қалыптастыра білді.

о

Газеттің құрылуына жазушылар мен қоғам қайраткерлері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, С. Есова, М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев атсалысты.

Кейіннен газет аты «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері» деп өзгертілді.

Айта кететіні, «Қазақстан пионері» болған тұста газетке 50 жылдық мерейтойында жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі үшін  «Құрмет» ордені табысталды.

Ал 1990 жылдан бастап газет атауы «Қазақстан пионерінен» «Ұлан» болып өзгерді.

и

Газетті әр жылдары Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері басқарды.

Қазіргі уақытта газеттің бас редакторы – Жадыра Нармаханова.

«Ұланның» мектебінен өткен кез келген оқушы сол кездегі өмірге деген балалық қызығушылығын жоғалтпас. Бүгін сол жас оқырманның барлығы дерлік білікті маманға айналып, түрлі салада алдыңғы шепте қызмет етіп жүр. Соның ішінде «Ұлан» қалам ұстаған талай жасты жазуға баулып, бірнеше буын қазақ журналистикасының майталмандарына жол ашты. 

о

Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан балалардың төл басылымы осы уақыт ішінде қанша ұрпақтың санасын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтті. Олардың рухани, мәдени дамуында үлкен рөл атқарды.

Басылымның туған күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арнайы көрме ұйымдастырып жатыр.

д