22 Тамыз, 2013

Аралас мектептерді азайтқан жөн

238 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ел еңсесі тіктеліп, егемендікке қол жеткізгенге де жиырма екі жылдың көлемі болды. Осы жылдар аралығында мемлекеттің ішкі және сыртқы қуаттылығы артып, құрылымы да нығайды. Мем­лекеттік жүйе тиісінше орнығып, идеологиялық даму факторы қарқынды жүрді. Көзделген қа­дам­­дарға қол жетіп, маңызды мә­мі­лелер жасалды. Жалпы, мем­ле­кеттіліктің болашаққа бастайтын күре жолы салынды. Алайда, осынау үдерістегі бір кемшін кеткен мәселе ретінде білім беру саласын атауға болар. Оның себебі айтпаса да түсінікті. Өйткені, айтар ойымыз бен сөйлемек сөзіміз аралас мектептер хақында.

Күрмеуі қиын мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері әлі шешімін тапқан жоқ. Республика аумағы бойынша қазақ мектептерінің саны артқанымен, сапасы көңіл қуантатындай еместігін екінің бірі біледі. Білгенімен, бәрі тым-тырыс. Сол олқылықтарды көзіне көлденең тартып отырып, жеңістік бермейтін қандастарымыз да жетерлік.

Ел еңсесі тіктеліп, егемендікке қол жеткізгенге де жиырма екі жылдың көлемі болды. Осы жылдар аралығында мемлекеттің ішкі және сыртқы қуаттылығы артып, құрылымы да нығайды. Мем­лекеттік жүйе тиісінше орнығып, идеологиялық даму факторы қарқынды жүрді. Көзделген қа­дам­­дарға қол жетіп, маңызды мә­мі­лелер жасалды. Жалпы, мем­ле­кеттіліктің болашаққа бастайтын күре жолы салынды. Алайда, осынау үдерістегі бір кемшін кеткен мәселе ретінде білім беру саласын атауға болар. Оның себебі айтпаса да түсінікті. Өйткені, айтар ойымыз бен сөйлемек сөзіміз аралас мектептер хақында.

Күрмеуі қиын мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері әлі шешімін тапқан жоқ. Республика аумағы бойынша қазақ мектептерінің саны артқанымен, сапасы көңіл қуантатындай еместігін екінің бірі біледі. Білгенімен, бәрі тым-тырыс. Сол олқылықтарды көзіне көлденең тартып отырып, жеңістік бермейтін қандастарымыз да жетерлік.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 1777 таза орыс мектебі бар болса, аралас мектептер саны 2068 кө­рі­неді. Бұл дегеніміз 3845 мектеп таза орыс тілінде оқытылады де­генді айғақтайды. Таза қазақ мектептерінің санына келер болсақ, 3750 айналасында ғана. Оның өзіне ауылдағы бала саны аз мектептер де кіреді. Білім беру саласындағы олқылықты қараңыз енді, қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 50 пайыздық межеге де жетпейді. Тіпті, елорданың өзіндегі 61 мектептің 16-cы орыс, 19-ы қазақ, ал, 26-сы аралас мектеп. Мемлекеттік тілдің даму си­па­ты мен заңнамалардың жүзе­ге асырылып жатқан түрі осы. Алайда, елу жылда ел жаңа демек­ші, 2020 жылға дейін барлық мек­теп бітірушіге мемлекеттік тіл­ді білу талабы қойылып, осы мер­зім ішінде қазақстандықтардың кемiнде 95 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек деген меже де белгіленген. Бірақ «бұл» сөз де «құр» сөзге айнала ма деген ой кетпейді санаңнан.

Еліміздің көптеген аймақ­тарында да бұл мәселе алаң­да­ту­шы­лық тудыруда. Мәселен, біздің облыстың орталығы Көкшетау қаласында 23 білім беру мекемесі болса, соның 3-уі ғана таза қазақ тілді мектеп екен. Ал, қалған 20-сы аралас мектептер қатарында. Осынау үш мектепті атап өтер болсақ, ол М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп гимназиясы, №18 мектеп және Красный Яр кентіндегі №3 мектеп. Бұл көрсеткіш 2013-2014 жылдарға бекітіліп, Көкшетау қаласы білім беру бөлімімен беріліп отыр. Тәуелсіздік алғалы бері бұл көрсеткіш әлі өзгере қоймады. Өзгергеннің өзінде екі мектеппен ғана толықты. Мұндай жағдаймен мемлекеттік тілдің баянды дәуірін елестете қою қиын.

Ал, енді сыныптарға бөлу жайына келсек, тағы да күрделілікке жолығамыз. Мәселен, кез келген бір мектепті мысалға келтірейік. Айталық, №5 мектеп 2013-2014 оқу жылында бір сынып бойынша төрт сыныпқа қабылдау жүреді. Соның біреуі қазақша болса, үшеуі – орыс сыныбы. Үзіліс кезінде енді 75 баланың ортасында жүрген 25 баланың қай тілде сөйлеп, ойнайтынын елестетіп көріңіз.

Ал, қызмет бабында жүріп, араларындағы бір өзге ұлттың өкілі үшін 20 қазақ жиналысын ресми тілде бастайтын ата-анасы бар балалар сонда мемлекеттік тілді қайтіп меңгеруі тиіс?

Тарихтың тереңіне үңілер болсақ, аралас мектептің басты міндеті – өскелең ұрпақты өз тілінен айырып, дүбәраға айналдыруды ұстанды. Мұны тарихи дерек те айғақтайды. Мәселен, ХIX ғасырда Сырдария губерния­сына тұңғыш генерал-губернатор фон Кауфман Перовскiдег i орыс-түзем мектептерiн тексеру үшiн өзi келедi. Орыс тiлiнде оқып жүрген бұратана халықтардың балалары оқитын мектептiң дәрiсiне кiрiп, балалардың орыс тiлiн жақсы меңгерiп жатқанына ризашылық бiлдiредi. Бiрақ, қоңырау соғылып, балалар далаға шығып ойнап жүргенде, олардың тек қазақ тiлiнде сөйлегендерiн байқайды.

«Неге олар өз тiлiнде сөйлейдi, не себептi өздерi оқып жүрген орыс тiлiнде сөйлеп, ойнамайды, олар өз тiлiн ұмытып, тек орыс тiлiнде ғана сөйлеу үшiн не амал қолдану керек» деп отаршыл генерал ойланады да, «орыс балалары мол, қазақ балаларын оқытатын аралас мектеп арқылы бiрге қосып оқытып, орыс тiлiндегi сөйлеу орнын орнықтыру керек» деген шешiмге келедi. Сөйтiп, «орыс-қазақ балаларын араластыра оқыту қажет» деп кеңес бередi. Келесi жылы осы ойының жүзеге асуын тексермек болған генерал қайта айналып келiп, олардың ойын үстiндегi сөйлеу тiлiн бақылайды. Балалар далаға шығып, орыс балаларымен араласып, орысша сөйлеп ойнап жүредi. Генерал мақсаты жүзеге асқанына дән риза болады.

Осыған қарап аралас мек­тептердің жай-күйін бағамдай беріңіз.

1999 жылы Ақмола облысы­ның аумақтық-әкімшілік орталығы Көкшетау қаласына көшірілген кезде облыс көлемінде 694 мектеп, оның ішінде 161 қазақ мектебі, 216 қазақ және орыс тілді мектептер, 317 орыс тілді мектептер болған.14 жыл аралығында көп өзгеріс жоқ.

Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес 2014 жылы Көкшетау қаласында қазақ ті­лін­де бейінді мектеп құрылысы жүр­гізілетіні мәлім. Көкшетау қалалық білім бөліміне қазақ мектебін салу үшін жер дайындау туралы тапсырма берілді. Ал, одан енді қандай нәтиже боларын бір Құдай біледі.

Бүгінгі проблема «Айта-айта Алтайды...» дегеннің кері болмаса, болғаны. Сенеріміз осы.

Саян ЕСЖАН.

Алматы.