Қазақстан • 15 Наурыз, 2020

Коронавирусқа байланысты елдегі қазіргі ахуал

479 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген. Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр. Бұл туралы Денсаулық министрлігі хабарлады.

Коронавирусқа байланысты елдегі қазіргі ахуал

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 507 адам алынды, оның ішінде 1а санаты бойынша – 1 мың 619, 1б санаты бойынша – 520, 2 санаты бойынша – 368 адам. Мониторингке алынған 2 мың 507 адамның 424  бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 083 адамға мониторинг жүргізуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 б санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:
- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Қосымша ақпарат бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.