22 Тамыз, 2013

Адамзат жаһандық қандай жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр?

12684 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.

Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.

Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасында

ғылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті,

философия ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жанат МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.

Халықаралық қауымдастық тағдыршешті кезеңде тұр

– Жанат Байжомартұлы, әр дәуірде жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәсе­ле­лер болған ғой. Ал қазіргі таңдағы жа­һандық мәселелер қалай көрініс табуда? Адамзат алдында тұрған қандай жаһандық сын-қатерлерді саралап айтар едіңіз?

– Жаһандық мәселелер жеке адамның өмірін айналып өте алмайды. Жекелеген адамның өмірінде кездесетін күрделі мәселелер қоғамдық, мемлекеттік және жаһандық деңгейлерде қордаланып, жиналып, үлкен жаһандық сын-қатерлерге ұласады. Біз өмір сүріп отырған ғасырды адам санасын шатастыратын күрделілігі мен маңыздылығы жөнінен алғанда, күллі адамзаттың даму тарихының қоры­тындысы ретінде қарастыруға болады.

Шынында, әр дәуірде де жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәселелер болған. Бірақ, ХХІ ғасырдағы адамзаттың күрделі жаһандық мәселелері қордаланып, шешімін таппай келеді. Жаһандық мәселелерге техногендік, яғни адамның ұқыпсыздығы мен үнемсіздігінің нәтижесінде пайда болған сын-қатерлерді және жер бетіндегі адам санының өсуі сияқты жаңадан туындаған табиғи сипаттағы өзгерістерді жатқызуға болады. Мысалы, жер шары қызуының артуы, ауа райының мың құбылып, тұрақсыздануы, Солтүстіктегі айсбергтердің еруі, Арал теңізінің сарқылуы, өзендердің тартылуы, озон қабатының желінуі, топырақтың көшуі, теңіз суларының булануы, жер сілкінісі мен дауыл сияқты табиғи апаттардың жиілеуі, т.б. Бұл мәселелер күллі адамзатқа ортақ болғандықтан, «жаһандық сын-қатерлер» (global issues or global challenges) деп аталады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» Стратегиясында бір­қатар жаһандық сын-қатерлерді атап өткен еді. Атап айтар болсақ, тарихи уақыттың жылдам өзгеруі, әлем­дегі демографиялық жағдайдың теңгерімсіздігі, дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қатер­лер, су ресурстарының тапшылығы, әлемдік энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылу қаупі, өндірістік төңкерістің үшінші толқыны, әлемде әлеуметтік және қоғамдық нара­зылықтың артуы, бұрынғы өркениет­­­тік құндылықтардың ескіруі, әлемнің тұрақсыз кезеңге аяқ басу қаупі.

Елбасы атаған бұл мәселелердің бар­лығы күллі әлемге де, еліміздің келешегіне де тікелей қатысты. Бұл ретте айтарым, ғаламдық мәселелердің туындауында адами фактордың, яғни, адам баласының жауапсыздығы үлкен рөл атқаруда.

– Жаһандық сын-қатерлерді зерт­теу­мен шұғылданатын ғалымдар бұл турасында не дейді? Ғылым тағы қандай мәселелерді жаһан­дық сын-қатерлерге жатқызуда?

– Жалпы, адамзатқа тән жаһандық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылымның саласын глобалистика, яғни «жаһантану» деп атайды. Бұл саланың жаңа өкілдерінің бірі Жан Франсуа Ришар («High Noon: 20 Global Problems, 20 Years to Solve Them») өзінің «20 жаһандық мәселені шешуге арналған 20 жыл» атты соңғы еңбегінде кең ауқымды да күрделі мәселелерді шешу үшін адамзаттың аз күш-жігер жұмсайтынын жазады. Мен өзім зерттеген Ж.Ф.Ришардың ойынша, қазір халықаралық қауымдастық өте маңызды да тағдыршешті кезеңде тұр. Ғалымның ойынша, адамзат дамыған технология мен экономиканың арқасында өзінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге қажетті барлық мүмкіндіктерге ие болып отыр.

ХХІ ғасырдың бірінші жартысы жер шарының келешегін айқындайтын болады. Адамзаттың бұл мәселелерді шешуге қабілетті болуына қарамастан, қолда бар құралдар мен тәсілдер қауқарсыз болып отыр. Біздің дәстүрлі институттарымыз бен маманданған ұйымдарымыз әлемдік қауымдастық бетпе-бет келіп отырған маңызды мәселелерді шешуге қабілетсіз болып шықты. Мәселені дұрыс шешу үшін мемлекеттік институттар, жеке компаниялар мен азаматтық қоғам арасында күшті ынтымақтастық болуы қажет.

– Ғалым Ришардың пайымдауынша, қандай мәселелер айрықша қиындық туғызып, дер кезінде шешуді қажет етіп отыр?

– Ришар алдағы 20 жылда шұғыл шешілуі тиіс 20 жаһандық мәселені жеке бөліп қарастырады. Ғалым бұл мәсе­лелерді үш категорияға бөлген. Бірін­ші, Жердің физикалық кеңістігіне тән ғаламдық мәселелер: жер шары қызуының көтерілуі, биотүрлілік пен экожүйелердің жойылуы, балықтың азаюы, орманның сиреуі, су тапшылығы, теңіз суының ластануы. Екінші, Адамзатқа ортақ құндылықтарға қатыст