22 Тамыз, 2013

Жаңашылдық – заман талабы

457 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Облыстықденсаулықсақтаубасқармасыоблыстағыжұқпалыаурулардыбақылаудыңеліміздегіқазіргіталаптарынасайтуберкулезгеқарсыауруханалардыңдақұрылымынжетілдірудіқолғаалғанеді. Соның нәтижесінде, өткен жылы облыс аумағында туберкулезбен ауыратындар саны 2,5 пайызға, ал балалар арасында осы аурудың таралуы 43,8 пайызға төмендеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда құрт аурынан қайтыс болғандар саны 5,7 пайызға азайды. Қазір облысымыз туберкулез ауруының таралу көрсеткіші бойынша елімізде 7-орында тұр. Енді туберкулез ауруханаларына қатысты жаңа құрылымдық өзгерістер не үшін қажет болды дегенге келейік.

Облыстықденсаулықсақтаубасқармасыоблыстағыжұқпалыаурулардыбақылаудыңеліміздегіқазіргіталаптарынасайтуберкулезгеқарсыауруханалардыңдақұрылымынжетілдірудіқолғаалғанеді. Соның нәтижесінде, өткен жылы облыс аумағында туберкулезбен ауыратындар саны 2,5 пайызға, ал балалар арасында осы аурудың таралуы 43,8 пайызға төмендеді. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда құрт аурынан қайтыс болғандар саны 5,7 пайызға азайды. Қазір облысымыз туберкулез ауруының таралу көрсеткіші бойынша елімізде 7-орында тұр. Енді туберкулез ауруханаларына қатысты жаңа құрылымдық өзгерістер не үшін қажет болды дегенге келейік. Бұл өзгерістер, біріншіден, туберкулезбен ауыратын науқастарды осы аурудың жұқпалы және жұқпайтын түрлеріне сәйкес аурухананың құрылымдық бөлімшелеріне алып жекелей емдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, аудан орталықтарындағы ауру­ханалардағы төсек-орынды қазіргі талаптарға сай тиімді пайдалануға жол ашады. Мысалы, бұрын кейбір аудандардағы туберкулезге қарсы емдеу ауруханаларында төсек-орындар бос тұрса, қазір жағдай өзгерді. Туберкулезге қарсы диспансер зертханасының ха­лықаралық стандарттарға сай аппараттармен жабдықталуы да жұмысымызды жеңілдетіп отыр. Мысалы, «BDBACTEC MQIT 960» анализаторы 3-15 күн аралығында микробактерияны анықтап береді. Сонан соң, 7-9 күнде бактерияға қарсы препараттарға сезгіштікті анықтайды. Бұрын қалай еді? Туберкулез таяқшасының өсін­дісін анықтауды 3 ай күтуге тура келетін. Биыл ауруханаға «Gene Xpert» атты анализатор құралын да алдық. Яғни, науқасты диспансерге қабылдап алу кезінде бірден қақырықты алып және аз уақыттың ішінде туберкулез микробактериясының барын анықтап, бірінші күннен химиотерапия тағайындауға болады, түскен науқастарды мамандандырылған бөлімшеге бірден жібереді. Ту­беркулез таяқшасының бар-жоғын 2 сағат ішінде анықтап береді. Ауруды анықтауға қатысты бар­лық жүйлердің бәрін автоматтандыру арқылы зертханадағы «SmartCycler» құрылғы жүйесі арқылы биологиялық үлгілердің сынақ нәтижесін 30-40 минут ішін­де дәл анықтайды. Сол сияқты, құрылымдық өзгерістер жұқпалы дерттің таралуының алдын алуға, мемлекет бөліп отырған қыруар қаржыны ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Өткен жылы «Өз өміріңдегі ең маңызды түсірілімге түс, флюорографиядан өт» тақырыбында кең көлемді акция ұйымдастырылды. Бұрын рентгенге түскен адамдар нәтижесін 1-2 күн күтетін. Қазір облыстық диспансердің рент­гендиагностикалық бөлім­ше­­сінде осы мақсатқа заманауи «ПроСкан» сандық флюоро­граф ФМцс.,«Ардиагност-8» рент­гендиагностикалық кешені пай­даланылуда. Түсірілім мен оның қорытындысы, емделушінің дерек­тер жүйесі осы аппаратта сақ­талады. Өткен жылы облыстың 12 ауданының 29667 тұрғыны жыл­жымалы флюорографиялық қондыр­ғысына қаралды. «КРФ112» атты рентген флюорографиялық сандық кешені жүк көлігінің қорабына орналастырылған. Бұл жылжымалы кешен кеуде мен өкпені рентгендиагностикалық тексеруге арналған. Диспансердің фтизиатр мамандары облыс тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар, облыста орналасқан түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің де денсаулығын қадағалайды. Биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстағы қылмыстық-атқа­ру жүйесі департаменті және облыс­тық туберкулезге қарсы диспансері түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер мен тергеудегі адамдарға медициналық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды. Түзеу мекемелерінен босап шыққандар диспансерлік есепке алынады. Жалпы, туберкулезбен ауыратын науқастарға өткен жылы 55,3 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Облыс орталығында 210 орындық балаларға арналған туберкулезге қарсы шипажай бар. Шалдай мектеп-интернатында 1-11-сынып оқушылары сауық­ты­рылады. Облыс бойынша 5 шипа­жайлық балалар бақшасы бар. Балалардың жас мөлшеріне қар ай қымыз бен бал беріледі. Туберкулезді емдеу тегін. Емдеу кезінде негізінен отандық препараттар қолданылуда.

Туберкулезге қарсы аудандық және облыстық ауруханаларда білікті мамандар жұмыс істейді. 2010 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын бітірген 9 жас маман келсе, биыл жергілікті медициналық колледжді бітірген 5 медбике және 2 зертханашы жұмысқа орналасты.

Дәулетбек МУСИН,

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспан-

серінің бас дәрігері.

Павлодар.