«Жұмыс істеп жүрген азаматтар өздерінің еңбек құқықтарын білуі қажет.
Біріншіден, бүгінгі таңда барлық кәсіпорындар, мекемелер егер де қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті. Бұл еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі, қашықтан жұмысқа көшкен кезде жұмыстың төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмысты атқаруына мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауына міндетті және жалақысы атқарылған жұмыс бойынша өзінің ай сайынғы алып жүрген көлемінде төленетін болады.
Екіншіден, егер де жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен жұмыс режимін, қысқартылған жұмыс режиміне көшуіне құқылы. Бұл дегеніміз аптасында жұмыс күндерінің саны азаю мүмкін немесе сол бір күндегі атқарылатын жұмыс сағаты азаюы мүмкін» деді ол.